АХҚО жасыл қаржы саласындағы өңірлік көшбасшылығын сақтап, жаһандық рейтингтегі позицияларын жақсартты
Жаһандық жасыл қаржы индексінің (GGFI 9) кезекті басылымы аясында “Астана” халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) 2021 жылғы қазаннан бастап (GGFI 8) тағы да 3 позицияға көтерілді және жасыл қаржыландыруды дамыту бойынша әлемнің топ-50 қаржы орталығының қатарына енді.
Соңғы жарты жыл ішінде қаржы орталығының юрисдикциясында төрт ірі мәміле жасалды, оның ішінде АХҚО Биржасында қолжетімді инфрақұрылым салу үшін шығарылған әлеуметтік облигациялар, жасыл облигациялар және жаңартылатын энергетика жобалары үшін жасыл кредиттер.
АХҚО Жасыл қаржы орталығы ұсынатын сыртқы шолуларды Лондон қор биржасы Sustainable Bond Market (SBM) лейблімен сатылатын облигациялар үшін таниды. Бұл орталықтың 2021 жылдың соңында халықаралық капитал нарықтары қауымдастығының (ICMA) сыртқы шолу провайдерлерінің картасына кіруінің арқасында мүмкін болды.
Бұдан басқа, экологиялық заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс шеңберінде, кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 43 қаулысымен жасыл облигацияларды және купондық және пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау сияқты кредиттерді экономикалық ынталандырудың жаңартылған шаралары, сондай-ақ жасыл облигацияларға кепілдік беру тетігі бекітілді.
«АХҚО Жасыл қаржы орталығының эмитенттер мен жасыл және әлеуметтік жобаларды қолдау жөніндегі жұмысы қазіргі уақытта 250 млн АҚШ доллардан астам құрайтын Қазақстанда тұрақты қаржының ортақ нарығын дамытуға мультипликативті әсер еткенін атап өту қажет. Осының барлығы GGFI 9 рейтингінде АХҚО-ның жетекші позицияларын сақтауға мүмкіндік берді», – деп атап өтті АХҚО Жасыл қаржы орталығының Бас директоры Айдар Қазыбаев.
Анықтама:
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.
АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат–жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес–консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.