БҰҰ-ның Қырғызстандағы миссиясы АХҚО Жасыл қаржы орталығының «GFC BISHKEK» еншілес компаниясын құруды қолдайды

Қырғызстандағы БҰҰ Миссиясы делегациясының «Астана» халықаралық қаржы орталығына (бұдан әрі – АХҚО) сапары аясында АХҚО Жасыл қаржы орталығының Бас директоры А.К. Қазыбаев пен Қырғызстандағы БҰҰ жүйесінің тұрақты Үйлестірушісі Озонниа Ожиеломен кездесті.

Кездесу барысында Айдар Қазыбаев БҰҰ Қырғыз Кеңсесінің делегациясын Жасыл қаржы орталығының қызметімен таныстырды, сондай – ақ Қырғызстанда ЖҚО еншілес компаниясы – «GFC BISHKEK»-тің ашылуымен таныстырды.

«GFC Bishkek» қызметі: тұрақты (жасыл, әлеуметтік, тұрақтылықпен байланысты және ESG) облигациялар мен кредиттер шығаруды қолдауға; Қырғыз Республикасының мемлекеттік органдары мен компанияларына орнықты қаржыландыру нарығын дамыту, оның ішінде ESG қағидаттарын енгізу және компаниялардың қаржылық емес есептілігін дайындау бойынша консультациялық қолдау көрсету; тұрақты қаржыландыру саласында мамандар даярлау, инвестициялар тарту бойынша қызметтер көрсету, сондай-ақ “Астана” халықаралық қаржы орталығының басқа да құралдары мен қызметтерін ілгерілету бағыттарына жұмсалады.

Делегация мүшелері «GFC BISHKEK» құруды қолдады және аймақтағы тұрақты капитал нарығын дамыту арқылы ынтымақтастықты, соның ішінде ауыл шаруашылығын, Қырғызстандағы азық-түлік нарығын, сондай-ақ әлеуметтік және гендерлік теңдікті қолдау үшін “жасыл” және әлеуметтік облигациялар шығаруды қолдады.

Жасыл қаржы орталығының Бас директоры БҰҰ-ға қырғыз эмитентінің жасыл облигациясының дебюттік шығарылымының купондық мөлшерлемесін субсидиялауды ұсынды. Кездесу қорытындысы бойынша Қырғызстандағы БҰҰ мен ЖҚО арасындағы ынтымақтастық жөніндегі бірлескен Жол картасын әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

 

 

Анықтама:

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.

www.aifc.kz

 

АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.

www.gfc.aifc.kz

 

AIFC AI assistant