Қазақстан-Қырғыз Іскерлік кеңесінің II отырысында GFC Bishkek бизнестің топ-басшылары үшін ESG-стратегия, инвестициялар және тәуекелдер жөнінде оқыту бағдарламасын ұсынды

АХҚО Жасыл қаржы орталығының (ЖҚО) Бас директоры Айдар Қазыбаев ЖҚО-ның шетелдік кеңсесін («GFC Bishkek») ашу үшін Қырғызстанға жасаған сапары аясында Қазақстан-Қырғыз іскерлік кеңесінің II отырысына қатысты. А.Қазыбаев өнеркәсіптік кәсіпорындар көшбасшыларын экологияландырудың маңыздылығын атап өтіп, компанияның бизнесін дамытуға қатысатын жоғары және орта буындағы қырғыз басқарушылары мен компаниялардың меншік иелері үшін оқыту бағдарламасын ұсынды.

Оқыту ESG-күн тәртібі бизнеске қалай әсер ететінін бағалауға, ESG-қауіп-қатерлерді және өзгеру үстіндегі реттеушілік талаптар контекстіндегі мүмкіндіктерді анықтауға, қаржылық емес ақпаратты ашуға және орнықты дамуды басқарудың корпоративтік жүйесін құруға мүмкіндік береді.

«GFC Bishkek» орнықты (жасыл, әлеуметтік, орнықтылықпен байланысты және ESG) облигациялар мен кредиттер шығаруға қолдау көрсететін; Қырғыз Республикасының компаниялары мен ұйымдарына бизнесті дамыту және оңтайландыру жөнінде консультациялық қолдау көрсететін; инвестициялар тарту бойынша қызметтер көрсететін, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқа да құралдары мен қызметтерін ілгерілететін болады. Компанияның Қырғызстандағы бірлескен акционерлерінің қатарында «Айыл Банк» ААҚ, «Қырғыз қор биржасы» ЖАҚ, сондай-ақ «Қырғызстан банктерінің одағы» ЗТБ бар.

 

Анықтамалық ақпарат

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – өз жұмысын 2018 жылы бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті – ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде орнығу.

www.aifc.kz

АХҚО жасыл қаржы орталығы – бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО-ның ұйымы. Негізгі мақсат – жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы орнықты экономикаға инвестициялар тарту.

Бұдан басқа, АХҚО Жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және орнықты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.

www.gfc.aifc.kz

AIFC AI assistant