Astana Finance Days қаржылық конференциясы шеңберінде «Жасыл капитал нарықтарын дамыту бойынша аймақтық ынтымақтастық» сессиясы өтті

Сессия қатысушыларына Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Жоғары Мәртебелі Бағдад Әміреев алғы сөз сөйледі. Ол жасыл капитал нарығын дамыту бастамасы төмен көміртекті даму және түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдердің ұлттық экономикаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша елдердің позицияларын жақындастыруы тиіс екенін атап өтті.

Гибридтік форматта өткен сессияның спикерлері Венгрия Орталық банкінің Халықаралық қатынастар жөніндегі Атқарушы директоры Марселл Хорват; Мария Хаджиева, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары; Ануар Әбдіраев, Қырғызстан банкілер одағының президенті.

Сессия барысында АХҚО Жасыл қаржы орталығының жасыл қаржы жөніндегі өңірлік кеңесін құру жөніндегі бастамасы ұсынылды. Кеңеске өз елдерінде жасыл және тұрақты қаржыландыруды дамытуға жауапты немесе тартылған институттар: Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігі, Венгрия мен Әзірбайжанның орталық банктері, Өзбекстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қырғызстан банктерінің одағы, Түркияның капитал нарықтары жөніндегі кеңесі шақырылды.

Бастаманы қолдауды сессия спикерлері – Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, AFSA, Венгрия Орталық банкі, Қырғызстан банктер одағының өкілдері білдірді.

Astana Finance Days 2022 конференциясының бас демеушісі – Eurasian Resources Group (ERG).

 

Анықтама:

“Астана” Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚОның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.

www.aifc.kz

АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымыНегізгі мақсатжасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тартуБұдан басқаАХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырыпүкіметтергеквазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнесконсультациялар бередіОрталық әлеуетті эмитенттергеинвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді

www.gfc.aifc.kz

AIFC AI assistant