Лорд Дэниел Бреннан әлеуметтік және экологиялық бастамаларды бірлесіп ілгерілету үшін Жасыл қаржы орталығына қосылды
Astana Finance Days аясында 2022 жылғы 29 маусымда IV Жасыл өсу форумы аясында АХҚО Жасыл қаржы орталығы мен Ұлыбритания Лордтар палатасының мүшесі Лорд Дэниел Бреннан арасында Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Әлеуметтік және экологиялық бастамаларды ілгерілету мақсатында Лорд Дэниел Бреннан АХҚО Жасыл қаржы орталығының құрметті кеңесшісі және ESG (экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару) принциптерін бірлесіп ілгерілету туралы ұсынысты қабылдады.
Лорд Дэниел Бреннанның ESG (экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару) қағидаттарын ілгерілетуге ұмтылысын ескере отырып, ынтымақтастықтың негізгі бағыттары анықталды:
- Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі мен Қазақстан Республикасының экологиялық және әлеуметтік мәдениеттерін үйлестіруге жәрдемдесу;
- Тұрақты қаржыландыру құралдарын танымал ету;
- АХҚО Жасыл қаржы орталығының атынан сөйлеу немесе көпшілік іс-шараларда өкілдік ету құқығымен Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің ESG бағдарламасы туралы хабардарлықты арттыру;
- АХҚО Жасыл қаржы орталығының Бас директорына инвесторлар қауымдастығы мен жалпы жұртшылық үшін ESG және тұрақты қаржыландыру күш-жігерін оңтайландыру бойынша кеңес беру.
Сонымен қатар, Лорд Дэниел Бреннан АХҚО Жасыл қаржы орталығы мен тұрақты қаржы және инвестициямен айналысатын Ұлыбританияның жетекші ұйымдары мен компаниялары арасындағы ынтымақтастық пен серіктестікке ықпал етеді.
Astana Finance Days 2022 конференциясының бас демеушісі – Eurasian Resources Group (ERG).
Анықтама:
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады. www.aifc.kz
АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді. www.gfc.aifc.kz