АХҚО алаңында HackMeOut инновациялық іс-шарасы өтті
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен Венгрияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Brain Terminal агенттігі венгриялық MeOutGroup компаниясымен бірлесіп 26-27 қазан аралығында «HackMeOut» инновациялық іс-шарасын өткізді. Ұйымға АХҚО Tech Hub көмектесті.
«HackMeOut» хакатонында Қазақстан мен Венгрияның цифрлық әзірлеушілері 24 сағат ішінде тұрақты бизнес үлгілері мен жоба прототиптерін әзірледі. Командалар тәжірибе алмасу және алдын ала қойылған мәселені шешу үшін бірлесіп жұмыс істеді.
Хакатонмен бір мезгілде әлемнің 10 елінде өтетін EuroAsian Startup Awards байқауында Қазақстанның ұлттық жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқаудың негізін қалаушы – MeOutGroup.
«HackMeOut» қатысушылары мен қонақтары білім беру бағдарламаларына қатысып, цифрлық трендтерді талқылап, Орталық Еуропа мен Орталық Азия инвесторларының дөңгелек үстеліне қатыса алды.
Іс-шара Орталық Еуропа мен Орталық Азия арасындағы цифрлық көпір салудағы алғашқы қадам болды. HackMeOut Қазақстан мен Венгрияның ашық, білікті және ынталы мамандары үшін ортақ платформаны ұсынды.
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. АХҚО-ны құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты – халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz
АХҚО Tech Hub– бұл дүниежүзілік стартаптардың, кәсіпкерлердің, корпорациялардың, инвесторлардың, индустрияның жетекші сарапшылары мен мамандардың тоғысу орталығы. АХҚО-да технологиялардың дамуы стартаптарды қолдау бағдарламаларын, корпоративтік инновацияларды, венчурлық капитал нарығын, арнайы әзірленген ережелер мен технологиялар саласындағы өнімдер мен шешімдерді сынауға мүмкіндік беретін реттеушіні қамтиды. https://tech.aifc.kz/