АХҚО Tech Hub IDS Borjomi үшін стартап шешімдерін іздеу туралы хабарлайды

АХҚО Tech Hub Орталық Азия елдерінің стартаптарын 130 жылдық бренд тарихы бар әлемдегі ең ірі бөтелкедегі су өндірушілердің бірі IDS Borjomi International үшін үздік технологиялық шешімдерді таңдауға қатысуға шақырады.

STARTUP Borjomi Central Asia байқауы аясында стартаптарды іздеудің негізгі бағыттары логистика және дистрибуция, сату, өндіріс, маркетинг және электронды коммерцияда анықталды.

Таңдалған командалардың ең жақсылары толық қолдауы бар және IDS Borjomi компаниялар тобына шешімді кеңейту мүмкіндігі бар пилоттық жобаны іске қосу мүмкіндігіне ие болады.

Қосымша ақпарат алу және өтінім беру үшін (2021 ж. 3 желтоқсанға дейін) мына сілтеме бойынша өтіңіз: http://corpfintech.aifc.kz/borjomi

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам” Ұлт жоспары аясында құрылды. 2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген.

АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». https://aifc.kz/

АХҚО Tech Hub – бұл дүниежүзілік стартаптардың, кәсіпкерлердің, корпорациялардың, инвесторлардың, индустрияның жетекші сарапшылары мен мамандардың тоғысу орталығы. АХҚО-да технологиялардың дамуы стартаптарды қолдау бағдарламаларын, корпоративтік инновацияларды, венчурлық капитал нарығын, арнайы әзірленген ережелер мен технологиялар саласындағы өнімдер мен шешімдерді сынауға мүмкіндік беретін реттеушіні қамтиды. www.tech.aifc.kz/

IDS Borjomi International – әлемнің 5 елінде кеңселері бар, өз өнімдерін 40-тан астам елге экспорттайтын халықаралық компания. Бүгінгі таңда компания IDS Borjomi Грузия, IDS Borjomi Украина, IDS Borjomi Ресей, IDS Borjomi Беларусь, сондай-ақ IDS Borjomi Europe өкілдігін (Вильнюс, Литва) біріктіреді. Компанияның Ресейде, Украинада және Грузияда 10 құю зауыты бар. Кәсіпорында 7 мыңға жуық адам жұмыс істейді. IDS Borjomi International портфолиосы 11 брендтен тұрады. Олардың ішінде ең танымалдары – «Боржоми», «Моршинская», «Святой Источник», «Миргородская», «Бакуриани», «Ликани», «Эдельвейс», «Трускавецкая» және «Аляска».

AIFC AI assistant