АХҚО Tech Hub «VC Guide for Founders» басшылығының тұсаукесерін өткізді
АХҚО Tech Hub, KPMG және SkyBridge Invest инвестициялық компаниясымен серіктестікте «VC Guide for Founders» венчурлік капитал жөніндегі нұсқаулықтың ресми тұсаукесерін өткізді. Тұсаукесердің корпоративтік серіктесі MyVentures жаһандық венчурліқ қоры болды.
Басшылықтың мақсаты – венчурлік мәмілелерді құрылымдау және инвестициялар тарту үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) мүмкіндіктері мен артықшылықтарын нақты түсіну. Оқу құралының негізіне қазақстандық стартаптардың және бизнес-періштелердің негізін қалаушылармен сұхбат алынды.
Іс-шарада спикерлер венчурлік индустрияның экожүйесін талқылады, АХҚО шеңберінде венчурлік мәмілелерді құрылымдаудың артықшылықтары туралы айтты, сондай-ақ Орталық Азияда стартаптарды құрудың жеке тәжірибесімен бөлісті.
АХҚО VC Support Tech Hub департаментінің венчурлік инвестицияларды құрылымдау жөніндегі сарапшысы Назгүл Байтемірова: «Шарт еркіндігі мен юрисдикция икемділігі қағидаттарының арқасында АХҚО Батыс әлемінде кеңінен қолданылып жүрген дәстүрлі венчурлық құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, айырбасталатын қарыз сияқты борыштық құралдар және шартты түрде SAFE және KISS борыштық құралдары арқылы мәмілелерді құрылымдау мүмкіндігі».
SkyBridge Invest АҚ Басқарма төрайымы Шолпан Айнабаева: «АХҚО базасында ESG шеңберінде қаржы құралдарын дұрыс және сауатты шығару үшін жағдайлар жасалуда, осы қағидаттар бойынша шығарылатын қаржы құралдарын дұрыс верификациялауға және дұрыс жайғастыруға мүмкіндік беретін құрылымдар құрылуда», – деп атап өтті.
Орталық Азиядағы KPMG серіктесі Инна Алхимова: «Осы уақытқа дейін танымал холдингтік юрисдикциялар Нидерланды, Сингапур, Люксембург, Кипр болды. Соңғы уақытта біз бірқатар факторлар бойынша АХҚО алаңына жоғары қызығушылықты көріп отырмыз: ағылшын құқығы, тіркеуге қолжетімді заңды нысандардың алуан түрлілігі, ұстауға арналған төмен шығындар және қазақстандық, сондай-ақ шетелдік инвесторлар үшін қолайлы салық режимі».
Starta Capital басқарушы серіктесі Алексей Гирин: «Қазақстанда біз Starta Capital еншілес компаниясын тіркейміз. Сіз ағылшын юрисдикциясы бар АХҚО-ны құрып дұрыс жасадыңыз. Менің ойымша, бұл сіздің жұлдызды сәтіңіз. Біздің экожүйеміздегі көптеген стартаптар Қазақстан туралы сұрайды, портфельдік компаниялар командаларының бір бөлігі соңғы бір жарым айда Қазақстанға көшірілді».
The Untitled Ventures басқарушы серіктесі Константин Синюшин былай деп айтты: Компаниялардың жаппай көшуі орын алған елдердің арасында Қазақстанда, Кипрді қоспағанда, континенттік Еуропада жоқ бір ерекшелік бар. Ол ағылшын құқығы бойынша компанияларды құрылымдайтын АХҚО. Бұл үлкен жетістік.
MyVentures венчурліқ қорының басқарушы директоры Шахбоз Рахмонов Орталық Азия жобаларына инвестиция салу тәжірибесі нарықтың оң серпінді өнімдерді (positive-disruptive) жасауға дайын екендігін көрсетті. «Қазіргі жағдайда ағылшын жалпы құқығы қағидаттарына негізделген юрисдикциясы бар АХҚО жобалар үшін үлкен трамплинге айналды», – деп атап өтті Рахманов. Рахмановтың айтуынша: «Біздің қор pre-seed/seed сатысында, сондықтан біз осы сатылардағы стартаптарды қараймыз. Негізінен, Қазақстан Орталық Азия нарығына бағытталған».
Іс-шараның спикерлері бизнес-инвестор, технологиялық саладағы кәсіпкер Мұрат Абдрахманов, Quest Ventures инвестициялық директоры Руслан Рақымбай, Billz негізін қалаушы Рустам Хамдамов, CEO Cerebra.ai Ltd. Досжан Жүсіпов және тағы басқалар болды.
«VC Guide for Founders» зерттеуімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://tech.aifc.kz/reports/
Іс-шараның жазбасын мұнда қарауға болады: https://www.youtube.com/watch?v=2DFIW_2tUj8
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады. www.aifc.kz
АХҚО Tech Hub – бұл «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) бөлімшесі, оның міндеттеріне стартап-экожүйені, венчурлік Индустрия, электрондық коммерция нарығын, корпоративтік инновацияларды және Қазақстандағы жаңа технологиялық бағыттарды (FinTech, GovTech, SatelliteTech, Industry 4.0) дамытуға жәрдемдесу кіреді. және т.б.). Халықаралық серіктестермен бірлесе отырып, Tech Hub нарық ойыншыларын қолдау бағдарламаларын жүргізеді, АХҚО юрисдикциясының реттеуші құмсалғыш шеңберінде венчурлік мәмілелерді құрылымдауға және жаңа финтех шешімдерді тестілеуге жәрдемдеседі. www.tech.aifc.kz/
MyVentures – бұл $20 млн капиталы бар жаһандық венчурліқ қор, ол болашақ индустрияны қалыптастыратын ерте технологиялық стартаптарға инвестиция салады. Біз технологиялар, инновациялар және капитал ұзақ мерзімді құндылықты қалыптастыра алатын және экономикалық өсуді ынталандыратын нарықтарға бағыт ұстаймыз.
KPMG – бұл аудиторлық, салықтық және кеңес беру қызметтерін ұсынатын халықаралық фирмалар желісі. Әлемнің 147 еліндегі KPMG офистерінде 219 000 қызметкер жұмыс істейді. KPMG өз қызметінің мақсаты – бұл кәсіби білімдерді қызмет көрушілерінің, қызметкерлерінің және жалпы қоғамның шынайы экономикалық табысына айналдыру деп біледі.
KPMG негізін қалайтын үш қағидат – ұсынылатын қызметтің жоғары сапасы, біздің клиенттеріміздің терең түсінігі және бизнес жүргізуге тұтас және ретті түрде берілуі. Бүкіл әлемде компания қызметін жүзеге асыратын біртұтас заңдарын көрсететін нақ осы қағидаттар қаржы және салық мәселелері бойынша аудит және кеңес беру саласында қызметтер көрсету барысында біздің мамандарымыз үшін басшылық етеді. Біздің мақсатымыз – біздің қызметкерлеріміз немесе тұтас алғандағы қоғамды болсын кіммен жұмыс істейтіндеріміздің барлығына жетілуіне көмек беру. Біз осылай нарықта таңдаулы компания беделін бекемдеуді көздейміз.
SkyBridge Invest – ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған капитал нарықтарында ірі және күрделі мәмілелерді жүзеге асыруда мол тәжірибесі бар қаржылық кеңесші. Бизнеске капитал тартуды ұйымдастыру үшін компания білікті командаға, тәжірибеге және Эмитенттің қажеттілігіне бағдарланған көзқарасқа, капиталға тікелей кіру үшін жобалар мен инвесторлар базасына, қаржылық тәуекелдерді және Бизнестің әділ құнын бағалау және қорландыру дағдыларына ие. Капитал нарықтарында қаржыландыруды ұйымдастыру бойынша мәмілелерді сүйемелдеуден басқа, SkyBridge Invest клиенттерге бизнесті неғұрлым тиімді сатуда және инвестициялау үшін объектілерді іздеуде көмек көрсете отырып, бірігу және қосып алу мәмілелерін (M&A) жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде кеңес беру қызметтерін ұсынады.