АХҚО қатысушысы BILLZ VentureRocket Eurasia қолдауымен 650 000 доллар сомасында инвестиция алды
АХҚО қатысушысы, өзбекстандық ритейл – стартапы «BILLZ», Quest Ventures, өңірдің инновациялық жобаларына инвестиция салатын сингапурлық венчурлік фирма және ерте сатыдағы стартаптарға инвестиция салатын Лондондық венчурлік қор – Sturgeon Capital тікелей инвестициялар көмегімен 650 000 АҚШ долларын жинап, инвестициялық раундты сәтті аяқтады.
«BILLZ» (https://billz.uz/) – бұл онлайн және офлайн бизнесті басқаруға және оны дамытуға көмектесетін бағдарламалық шешім. Өнім интуитивті және қолдануға болатын құралдар жиынтығын ұсынады. Олар сатуды талдауға, тауарларды, қызметкерлерді және қаржыны басқаруға, көп клиенттерді тартуға және тіпті бөлшек сауда үдерістерін үйретуге қызмет етеді.
«Шағын және орта сатушылар қымбат технологияларға қол жеткізе алмауда және цифрлық әлемде қиындықтарға тап болуда. Біздің ұсынып отырған шешім бұл мәселені шеше алады және бөлшек саудагерлерге заманауи технологиялар арқылы бизнесін офлайн дамытуға және интернетте өнімді сатуға көмегін тигізеді. Біз Quest Ventures және Sturgeon Capital компанияларының ат салысып жатқанына қуаныштымыз және олар біздің өнімімізге, біздің командамызға сенімін артып, бізді осы сапарда қолдауда. Біз инвестицияны өнімімізді және команданы кеңейтуге әрі Қазақстанға назар аудара отырып, ТМД нарығындағы қатысуымызды жақсарту үшін қолданамыз», – дейді BILLZ компаниясының бас директоры және негізін қалаушы Рустам Хамдамов.
Quest Ventures үшін бұл BILLZ-ке алғашқы тікелей инвестиция салу болды.
«BILLZ – бұл цифрландыру мен автоматтандырудың белгілі бір саланы, бұл жағдайда бөлшек сауданы үлкен көлемде жақсарта алатындығының керемет мысалы. Шешім қызметкерлерге жобаға қосымша құн әкелетін, тиімділікті арттыратын және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтетін мүмкіншіліктерге назар аударуға көмегін береді», – деп түсіндірді Quest Ventures басқарушы серіктесі James Tan. Өз кезегінде, James Tan компанияның Директорлар кеңесіне қосылады.
2020 жылдың сәуірінде Sturgeon Capital стартапқа 150 000 АҚШ долларын инвестициялады. Венчурлік қор осы жылы жоғары әлеуетке және мақсатты аудиторияның үміттеріне толық сәйкес келуіне байланысты жобаға инвестиция салуды жалғастырды.
«Sturgeon Capital алғаш рет 2020 жылы BILLZ-ке инвестиция салды. Содан бері құрылтайшылар мен компания бізді бірінші кезекте инвестициялауға итермелеген орындау сапасын қамтамасыз етуді жалғастыруда. BILLZ нарықта технологиялар мен қаржылық қызметтері жоқ шағын бөлшек сатушылар үшін негізгі мәселені шешеді және біз BILLZ аймақтағы SaaS-тің жетекші шешімі бола алады деп сенеміз», – деп түсіндірді Sturgeon Capital инвестициялық директоры Робин Батлер.
BILLZ – 2021 жылы стартаптарға бірлесіп инвестициялау және басқару үшін АХҚО TECH Hub және Titanium Technologies Group негізін қалаған Орталық Азиядағы алғашқы платформа – VentureRocket Eurasia платформасында фандрайзинг науқанын бастаған екінші технологиялық стартап.
«Стартаптарға инвестициялаудың жаңа құралының пайда болуы – бұл Орталық Азияның венчурлік нарығы үшін маңызды қадам. Ол VRE капиталды тарту алаңы ретінде қызмет етіп қана қоймайды, сонымен қатар инвесторлар, стартаптар және экожүйенің басқа қатысушылары арасында ұзақ мерзімді өзара әрекеттесу үшін қолайлы жағдай жасап отыр. Біз VRE аймақтағы венчурлік капиталды дамытуға жаңа серпін беретініне сенімдіміз және қорларды, венчурлік инвесторлар мен бизнес періштелерді біздің платформамызға қосылуға шақырамыз», – деп бөлісті Venturerocket Eurasia бас директоры Арслан Кудияр.
«Бірінші кезекте платформа инвесторлар үшін үлкен қауіпсіздікпен халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндік береді деп үміттенеміз, өйткені АХҚО аумағында ағылшын құқығы жұмыс істейді. Біз инвестицияларды тарту үшін құралдардың басқа жиынтығын пайдалана аламыз, сондай-ақ мәмілелерді құрылымдау және ірі инвестициялық қорларға кіру бөлігінде АХҚО командасынан қосымша сараптама алып отырмыз. Бұл, сонымен қатар, қызметкерлерді опциондар арқылы ынталандыруға мүмкіндік береді», – деп бөлісті BILLZ компаниясының бас директоры және негізін қалаушы Рустам Хамдамов.
BILLZ жиналған қаражатты өнімді одан әрі дамытуға – бизнес-модельді валидациялауға, жаңа функцияларды әзірлеуге және географиялық кеңейтуге бағыттайды.
Келесі үлкен раунд ішінара VentureRocket Eurasia платформасында өтеді.
Басқа да қосымша ақпарат алу үшін және BILLZ командасына хабарласу үшін VentureRocket Eurasia платформасында https://eco.venturerocket.vc/ сілтемесі арқылы тіркеліңіз.
Анықтамалық ақпарат:
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция болып табылады. 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап алаң ретінде шоғырлану болып табылады. www.aifc.kz
АХҚО Tech Hub – Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) бөлімшесі, оның міндеті – Қазақстанда стартап экожүйесін, венчурлік индустрия нарығын, электронды коммерцияны, корпоративтік инновацияларды және жаңа технологиялық бағыттарды (FinTech,GovTech, SatelliteTech, Industry 4.0. және т.б.) дамытуға көмектесу. Халықаралық серіктестермен бірге Tech Hub нарық ойыншыларына қолдау көрсету бағдарламаларын жүргізеді, венчурлік мәмілелерді құрылымдауға және АХҚО юрисдикциясының реттеушісі аясында жаңа финтех шешімдерін сынауға жәрдемдеседі. www.tech.aifc.kz
Venture Rocket Eurasia – АХҚО Tech Hub пен Titanium Technologies (https://titanium-tech.net) жаһандық ғылыми-зерттеу және инновациялық компаниясы құрған стартаптардың экожүйесін инвестициялау және басқаруға арналған платформа. Бұл аймақтық және жаһандық инвесторларға бағытталған Орталық Азиядағы стартаптарды бірлесіп инвестициялауға арналған алғашқы платформа. https://venturerocket.vc/
Quest Ventures – Орталық Азиядағы жетекші венчурлік компаниялардың бірі, ол 2011 жылдан бастап әртүрлі саладағы (ЖИ, электрондық коммерция, ойын-сауық, қаржы, спорт, исламдық цифрлық экономика және т.б.) аймақтық стартаптарға инвестиция салып келеді, оның портфолиосында Орталық Азиядағы жүзден астам технологиялық стартап бар. www.questventures.com
Sturgeon Capital – бұл компаниялар мен тұтынушылардың күнделікті өміріне әсер ететін негізгі мәселелерді шешетін дамушы нарықтардың стартаптарына инвестиция салатын Лондоннан келген венчурлік компания. Sturgeon орталық және Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс және Шығыс Еуропадағы стартаптарға (Seed-тен Series A дейін) инвестиция салады. www.sturgeoncapital.com