Әлемдегі Binance ең ірі криптобиржаның басшысы АХҚО қызметімен танысты
Әлемдегі Binance ең ірі криптобиржаның басшысы, Чанпен Чжао «Астана» халықаралық қаржы орталығына (АХҚО) барып, оның қызметімен, сондай-ақ жалпы құқық қағидаттары мен нормаларына негізделген АХҚО юрисдикциясының құрылу тарихымен танысты.
Binance бүкіл өңірдің криптохабы ретінде қазақстандық нарыққа үлкен қызығушылық танытады.
2021 жылғы қазан айында Binance АХҚО қатысушысы ретінде тіркеліп, қазіргі уақытта АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу комитетінде (AFSA) цифрлық активтер саудасы жөніндегі қызметке лицензия алуға немесе криптобиржаға авторизациялау рәсімінен өтуде.
AFSA АХҚО-ны крипто индустриясының тексерілген қатысушыларын біріктіретін бірегей алаңға айналдыратын сандық активтерді дамыту үшін реттеуші базаны қабылдауда аймақтық пионері болды.
«Біздің негізгі мақсаттарымыздың бірі – әлемде барынша таралып отырған криптовалютаның қоғамға жағымды әсер етуі. Binance жергілікті билікпен толық ынтымақтаса отырып, жергілікті криптоқауымдастықтың және блокчейн экожүйесінің дамуына үлкен үлес қосады деп есептейміз», – деді Чанпэн Чжао.
Анықтамалық ақпарат:
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлу. www.aifc.kz
АХҚО Tech Hub – Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) бөлімшесі, оның міндеті – Қазақстанда стартап экожүйесін, венчурлік индустрия нарығын, электронды коммерцияны, корпоративтік инновацияларды және жаңа технологиялық бағыттарды (FinTech,GovTech, SatelliteTech, Industry 4.0. және т.б.) дамытуға көмектесу. Халықаралық серіктестермен бірге Tech Hub нарық ойыншыларына қолдау көрсету бағдарламаларын жүргізеді, венчурлік мәмілелерді құрылымдауға және АХҚО юрисдикциясының реттеушісі аясында жаңа финтех шешімдерін сынауға жәрдемдеседі. www.tech.aifc.kz
Binance — цифрлық активтерді саудалайтын ірі биржа, әрі қаржы қызметтерін қоса алғандағы криптовалюталық инфрақұрылымның әлемдік негізгі компанияларының бірі. Миллиондаған адам сенетін Binance платформасы өз тұтынушыларына еркін ақша айналымын жасауды, әрі криптовалюталық өнімдер мен ұсыныстар, оның ішінде сауда, қаржы, білім, дата мен зерттеулер, қайырымдылық, инвестициялар мен инкубация, орталықсыздандыру салалары бойынша ұсыныстар ұсынады. www.binance.com