Орталық Азия стартаптары мен корпорациялары жаңа платформада бірігеді

АХҚО Tech Hub және «Интернет-бастамаларды дамыту қорының (ИБДҚ) акселераторы» CorpUp Central Asia корпоративтік инновациялар орталығын іске қосты, онда сарапшылардың бірлескен командасы Орталық Азия мен ТМД компанияларына инновациялармен жұмыс істеуге және бизнестің тиімділігін арттыруға көмектеседі.

CorpUp Central Asia – бұл АХҚО Tech Hub сарапшылары мен «ИБДҚ акселераторы» корпорацияларға бизнес міндеттеріне арналған жетілген технологиялық шешімдерді табуға, өнімдік тәсілдемені енгізуге, қызметкерлер арасында инновациялар мен ішкі кәсіпкерлік мәдениетін дамытуға көмектесетін алаң. Осының барлығы компанияларға инновацияларды енгізуге жұмсалатын шығындарды қысқартуға және жаңа өнімдерді нарыққа шығаруды жеделдетуге мүмкіндік береді.

CorpUp Central Asia ірі бизнеске арналған 30-дан астам корпоративтік акселераторды іске асырған, ТМД-дағы технологиялық стартаптардың ірі базаларының бірін құрған және Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және т. б. компаниялардың нарығы мен технологиялық міндеттерін терең түсінетін командамен құрылған.

2021 жылы АХҚО Tech Hub және «ИБДҚ акселераторы» командалары Mastercard халықаралық төлем жүйесінің қолдауымен еліміздің банктерімен жұмыс істеуге мүдделі технологиялық стартаптар үшін Қазақстанның алғашқы финтех-акселераторын іске қосты. Шешімдерді іздеу 11 бағыт бойынша жүргізілді және акселераторға 272 өтінім қаралды. Бағдарламаның серіктес банктері Altyn Bank, Eurasian Bank және Freedom Finance Bank болды.

«Бұл жоба Қазақстандағы стартаптардың инновациялық шешімдеріне үлкен сұраныс пен бизнестің өсуі, бірлескен тестілеу және технологияларды енгізу тұрғысынан өңірдің тартымдылығын көрсетті. Түрлі салалардағы корпорацияларды ынтымақтастыққа шақырамыз, ал B2B стартаптарын CorpUp Central Asia болашақ бағдарламаларына қатысу үшін өз шешімдерін ұсынуға шақырамыз», — дейді АХҚО Tech Hub корпоративтік инновациялар жөніндегі басшысы Әсел Абдрахманова.

«Қазақстанда технологияларға деген қызығушылық тек күшейе түседі. Аймақтағы корпорациялардың алдында үлкен перспективалар ашылуда және дұрыс көзқараспен ТМД-да ғана емес, сонымен қатар ірі ойыншылар болуға мүмкіндік бар. Алайда, Орталық Азия корпорацияларының көпшілігі стартаптармен әлі жүйелі жұмыс жүргізген жоқ, ал стартаптар әрқашан шешім ұсына алмайды. Осы кедергілерді алып тастау және аймақтағы корпорациялардың технологиялық дамуына қолдау көрсету үшін серіктестермен бірге біз стартаптар мен корпорациялар тиімді өзара әрекеттесе алатын алаң құруды ұйғардық», — дейді ИБДҚ корпоративті бағдарламалар бөлімінің директоры Ирина Тарасова.

CorpUp Central Asia қызметтері мен жобалары туралы толығырақ сайттан табуға және өз бизнес-міндетіңіз туралы айтуға болады https://corpup.aifc.kz/

 

Анықтамалық ақпарат:

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция болып табылады. 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап алаң ретінде шоғырлану болып табылады. www.aifc.kz

АХҚО Tech Hub – Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) бөлімшесі, оның міндеті – Қазақстанда стартап экожүйесін, венчурлік индустрия нарығын, электронды коммерцияны, корпоративтік инновацияларды және жаңа технологиялық бағыттарды (FinTech,GovTech, SatelliteTech, Industry 4.0. және т.б.) дамытуға көмектесу. Халықаралық серіктестермен бірге Tech Hub нарық ойыншыларына қолдау көрсету бағдарламаларын жүргізеді, венчурлік мәмілелерді құрылымдауға және АХҚО юрисдикциясының реттеушісі аясында жаңа финтех шешімдерін сынауға жәрдемдеседі. www.tech.aifc.kz

«ИБДҚ акселераторы» – Ресейдегі корпоративтік инновациялар нарығының негізгі ойыншыларының бірі. 2013 жылдан бастап біз корпорацияларға стартап шешімдерін табуға және біріктіруге, компания ішіндегі өнімдер мен адамдарды дамытуға көмектесеміз, корпоративтік акселераторлар мен стартаптарды сынақтан өткізу бағдарламаларын, сондай-ақ Ресейдің ірі компаниялары үшін ішкі кәсіпкерлік пен көшбасшыларды дамыту бағдарламаларын ұйымдастырамыз. Біз әлемдегі алғашқы сатылардағы мәмілелер саны бойынша ТОП-5-ке кіреміз; Еуропаның ең белсенді егіс қоры; 250+ ішкі консалтингтік жобаларды және корпорациялар үшін 25+ скаутингтік бағдарламаларды жүзеге асырдық. https://corporate.iidf.ru/

AIFC AI assistant