OneWeb бизнес-конференциясында алшақты елді мекендерде жоғары жылдамдықты интернеттің дамуы талқыланды
АХҚО Tech Hub OneWeb-пен бірлесіп бизнес-конференция өткізді. Онда OneWeb спутниктік байланыс шешімдерін ұсынды.
Жоғары жылдамдықты интернетті қосу сапасы бизнес, мемлекеттік қызметтер көрсету және тұтастай өзара араласу үшін маңызды құрал болып табылады. Сонымен қатар компаниялар жеткізушілер мен серіктестерді қоса алғанда, жеткізу тізбегімен серіктестікке сүйенеді.
Төмен орбиталық спутниктік технологияларды (LEO) пайдалана отырып, OneWeb спутниктік байланысы азаматтарға, мемлекетке және кәсіпорындарға барлық тіршілік процестерін қолдау үшін қажетті үздіксіз, тұрақты және сапалы байланысты қамтамасыз етеді.
Іс-шараға АХҚО Әкімшілігінің Басқарма Төрағасы Ернұр Рысмағамбетов, сондай-ақ OneWeb бейінді бөлімшелерінің басшылары: жылжымалы шешімдер жөніндегі вице-президент Бен Гриффин, мемлекетпен және реттеушілермен өзара серіктестік жөніндегі вице-президент Лайф Хамад, нарықтарға қол жеткізу жөніндегі директор Иван Зайцев, коммерциялық мәмілелер жөніндегі директор Неха Иднани, сатуды қолдау жөніндегі кеңесші Ништа Капур қатысты.
OneWeb өкілдері экономика, мобильді шешімдер (құрлық, әуе және теңіз) сияқты әртүрлі секторлардағы кәсіпорындарға арналған шешімдер туралы айтып, OneWeb қызметтерін пайдаланудың нақты жағдайларын ұсынды.
Сондай-ақ, іс-шарада мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік компаниялардың және ірі кәсіпорындардың өкілдері алшақты елді мекендерде, маңызды стратегиялық объектілерде және өнеркәсіптік кәсіпорындарда жоғары жылдамдықты интернеттің сапасын арттыру үшін ықтимал серіктестікті талқылады. АХҚО Tech Hub спутниктік Интернет саласындағы жобаларды іске асыруды жеделдету үшін коммуникациялық алаңның негізгі ойыншысы ретінде әрекет етеді.
Анықтама:
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады. www.aifc.kz
АХҚО Tech Hub – Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) бөлімшесі, оның міндеті – Қазақстанда стартап экожүйесін, венчурлік индустрия нарығын, электронды коммерцияны, корпоративтік инновацияларды және жаңа технологиялық бағыттарды (FinTech, GovTech, SatelliteTech, Industry 4.0. және т.б.) дамытуға көмектесу. Халықаралық серіктестермен бірге Tech Hub нарық ойыншыларына қолдау көрсету бағдарламаларын жүргізеді, венчурлік мәмілелерді құрылымдауға және АХҚО юрисдикциясының реттеушісі аясында жаңа финтех шешімдерін сынауға жәрдемдеседі. www.tech.aifc.kz