TikTok АХҚО платформасына шығады
TikTok медиа платформасы «Астана» Халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркелді. Тіркеу TikTok-қа Қазақстанда және Орталық Азияда өзінің қатысуын белгілеуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде креативті экономиканы дамытуға жаңа серпін береді.
АХҚО Tech Hub ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстан нарығына шығу, сондай-ақ мемлекеттік органдармен және басқа да кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау бойынша TikTok платформасына жәрдемдеседі.
АХҚО Tech Hub және TikTok бірлескен қызметі Қазақстанда креативті индустрияны дамытуға итермелейді және технологиялық компаниялар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Өңірдегі қаржылық қана емес, сонымен қатар инновациялық компаниялардың ірі кластері бола отырып, АХҚО жеңілдетілген визалық, еңбек және валюталық режимдердің, салықтық жеңілдіктердің арқасында түрлі индустрияларды тартады. TikTok-ты тіркеу АХҚО қызметін жүзеге асыруға әлемдік bigtech-көшбасшыларының мүдделілігін растайды.
Бұдан басқа, АХҚО Tech Hub Орталық Азиядағы экономикалық дамуға жәрдемдесу мақсатында экожүйенің халықаралық және қазақстандық қатысушылары үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Анықтама:
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекітілуі болып табылады. www.aifc.kz
АХҚО Tech Hub – Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) бөлімшесі, оның міндеті – Қазақстанда стартап экожүйесін, венчурлік индустрия нарығын, электронды коммерцияны, корпоративтік инновацияларды және жаңа технологиялық бағыттарды (FinTech, GovTech, SatelliteTech, Industry 4.0. және т.б.) дамытуға көмектесу. Халықаралық серіктестермен бірге Tech Hub нарық ойыншыларына қолдау көрсету бағдарламаларын жүргізеді, венчурлік мәмілелерді құрылымдауға және АХҚО юрисдикциясының реттеушісі аясында жаңа финтех шешімдерін сынауға жәрдемдеседі. www.tech.aifc.kz
TikTok –қытайлық техно-алпауыт «ByteDance» компаниясына тиесілі қысқа бейнелер жасауға және көруге, бизнес пен коммуникацияларды ілгерілетуге арналған платформа.