Қазақстан мен БАӘ Төртінші өнеркәсіптік революциясының еншілес орталықтары ынтымақтастығын нығайтуда

Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) үлестес 4 өнеркәсіптік революция (4ӨР) орталықтарының басшылары Павел Коктышев пен Мариам Әл-Мухайри ынтымақтастық туралы келісті. Екі елдің 4ӨР орталықтары тұрақты негізде тәжірибе алмасады, сондай-ақ жергілікті деңгейде жаңа технологиялар саласында 4ӨР ұлттық стратегиялары мен жеке-мемлекеттік бастамаларды әзірлеуге жәрдемдеседі.

БАӘ-дегі Төртінші өнеркәсіптік революция орталығы 2019 жылдың сәуір айында ресми түрде ашылып, қызығушылық танытқан тараптардың қатысуымен диалог орнату мақсатында еншілес орталық мәртебесіне қол жеткізді. Орталық Таяу Шығыс және Солтүстік Африка аймағында 4.0 индустриясының технологияларын басқарудың озық тәжірибесін құруда шешуші рөл атқарады. Бұл қазіргі уақытта дамып келе жатқан технологиялардың үш бағытына негізделеді: жоғары дәлдіктегі медицина, жасанды интеллект және машиналық оқыту, блокчейн.

БАӘ тәжірибесіне бағдарлана отырып, Қазақстандағы 4ӨР орталығы заңнамалық кедергілерді азайту және жаңа технологияларды енгізу үшін нақты алғышарттар жасау мақсатында инновацияларды реттеу тетіктерін, рәсімдерін және қағидаттарын жетілдіруге мүмкіндік беріп отыр.

 

Анықтамалық ақпарат:

 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 қадам” Ұлт жоспары шеңберінде құрылды. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО басқару кеңесінің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымдауы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропаны қамтитын өңірдегі жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуды білдіреді.

АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақ мерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев атап өткендей, “АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде әрекет ете алады”. https://aifc.kz/  

 

АХҚО Tech Hub– бұл дүниежүзілік стартаптардың, кәсіпкерлердің, корпорациялардың, инвесторлардың, индустрияның жетекші сарапшылары мен мамандардың тоғысу орталығы. АХҚО-да технологиялардың дамуы стартаптарды қолдау бағдарламаларын, корпоративтік инновацияларды, венчурлық капитал нарығын, арнайы әзірленген ережелер мен технологиялар саласындағы өнімдер мен шешімдерді сынауға мүмкіндік беретін реттеушіні қамтиды. https://tech.aifc.kz/

 

Төртінші өнеркәсіптік революциясының Қазақстандағы Аффилденген орталығы Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) АХҚО және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп 2021 жылғы шілдеде іске қосты. ДЭФ әлемнің түкпір-түкпірінен 9 инновациялық салада бірлесіп жұмыс істеу үшін жаһандық компанияларды, үкіметтерді, стартаптарды, шағын және орта кәсіпорындарды, ғылыми орта мен халықаралық ұйымдарды біріктіретін Ғаламдық орталықтар желісін құрды. АХҚО Tech Hub Қазақстандағы 4 өнеркәсіптік революцияның аффилиирленген орталығы 2021 жылғы шілдеде іске қосылды және 2021 жылғы қыркүйекте жұмыс істей бастады және ол айрықша мүмкіндіктер мен ресурстарды ұсынады.

AIFC AI assistant