Nasdaq АХҚО биржасының серіктесі атанды

Шанхай қор биржасының атқарушы вице-президенті (SSE) Лию Шаотонг пен NASDAQ Басқармасы Төрағасының орынбасары Мейер Фручер «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) өкілдерімен кездесу үшін және «Kazakhstan Global Investment Roundtable» инвестициялық форумына (Қазақстандағы жаһандық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстел) қатысу үшін Астанаға келді. 

Үшжақты келіссөздердің нәтижесінде NASDAQ SSE сияқты АХҚО биржасының (AIX) стратегиялық серіктесі атанды. Кездесу барысында Қазақстан мен өңірдегі капитал нарығын дамыту аясында SSE, NASDAQ-тың АХҚО-мен және АХҚО биржасымен (AIX) өзара іс-әрекеттерін айқындайтын бірқатар құжаттарға қол қойылды.

SSE – өңірдегі ең маңызды қаржы орталықтарының бірі және капитал нарығындағы ықпалды ойыншы, AIX-тің негізгі акционері мен стратегиялық серіктесі ретінде АХҚО-ға стратегиялық және технологиялық консалтинг, бизнес-жоспарлау, өнімдерді әзірлеу және нарықты кеңейту саласында жәрдемдесетін болады. Бұл ынтымақтастық «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бастамасын іске асыруға қажетті серпін береді.

Бұған дейін айтылғандай, 2017 жылдың мамырында NASDAQ AIX-та тартымды қаржы құралдарына инвесторлардың еркін қол жеткізуін қамтамасыз етуге арналған үздік халықаралық тәжірибеге сай келетін озық технологияларын енгізеді. Nasdaq Matching Engine жүйесі аса жоғары өнімділігімен және функционалдық мүмкіндіктерімен ерекшеленеді.

 «Қазақстандағы жаһандық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстел» форумында Шаотонг мырза мен Фручер мырза «АХҚО – Астана өңірлік қаржы орталығы» тақырыбындағы брифингке қатысты. Сондай-ақ АХҚО-ның серіктестері Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевпен, Қаржы министрі Бақыт Сұлтановпен және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының Төрағасы Өмірзақ Шөкеевпен кездесті. Кездесулер барысында AIX биржасын жетілдіру арқылы Қазақстан мен өңірдің капитал нарығын дамыту аясында өзара іс-қимыл жасау мәселелері талқыланды.

Бірқатар ірі инвестициялық банктер мен қорлар АХҚО биржасының капиталына кіруге ниет білдіргендігін атап өту қажет.

Әлемнің қос көшбасшы биржасы – Шанхай қор биржасы мен NASDAQ-тың Қазақстанның капитал нарығын дамыту аясында стратегиялық серіктестер ретінде АХҚО-ның жобасына қатысуы қаржы нарығының тиімділігі мен тұрақтылығын арттыруға ықпал ететін болады.

Сұраулар:

АХҚО«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. АХҚО-ны құру туралы Конституциялық заңға қол қойды 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. 

АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz.

AIFC AI assistant