Sova Capital Лондондық брокер AIX сауда мүшесі атанды

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») Sova Capital брокері Биржаның сауда мүшесі атанғанын хабарлайды. Sova Capital ТМД елдерін қоса алғанда, дамушы нарықтарға инвестиция салуға мүдделі институционалды және корпоративтік клиенттерге инвестициялық-банктік қызметтердің толық спектрін көрсетеді. Бұдан былай компания халықаралық инвесторларға AIX сауда платформасына қолжетімділікті қамтамасыз ететін және Қазақстанның эмитенттеріне капиталдық жария нарықтарында қарыздық және акционерлік қаржыландыруды тартуға қолдау көрсететін болады.

AIX Басқарма төрағасы Тим Беннетт бұл жөнінде мынадай пікір білдірді:  

 «Біз AIX-тің жаңа сауда мүшесін қуана қарсы аламыз және SOVA Capital өзінің тәжірибесі мен инвесторлармен берік қарым-қатынастарын қазақстандық капитал нарығының пайдасы үшін қолданады деп үміттенеміз».

Сергей Суханов, Sova Capital бас директоры:

 «Біз Astana International Exchange мүшесі болғанымызға қуаныштымыз. AIX-пен серіктестік біз үшін жаңа көкжиектер ашады және біздің клиенттерімізге ұсынылатын инвестициялық қызметтер спектрін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді. AIX жергілікті капитал нарықтарын жаңа деңгейге шығару үшін көп күш жұмсауда. Біз Батыс пен Орталық Азия арасындағы байланысты нығайтуға көмектесе отырып, осы процестің бір бөлшегі болғанымызға қуаныштымыз».

Қазіргі уақытта 17 қазақстандық брокер, сонымен қатар Ресей, Еуропа мен Азиядағы инвесторларға қызмет көрсететін 7 халықаралық брокер AIX сауда мүшесі болып табылады.


 

Анықтамалық ақпарат

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. AIX акционерлері АХҚО, Goldman Sachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және сондай-ақ AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ болып табылады. Биржа инвестициялаудың сенімді шарттарын осылайша қамтамасыз ете отырып, ағылшын жалпы құқық қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және тиімді жағдайлар ұсыну есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты – халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

Sova Capital Ltd – Sova Capital – Ұлыбританияда орналасқан тәуелсіз институционалдық брокерлік компания, ол институционалды және корпоративтік клиенттерге жария қарыз және акционерлік қаржыландыруды тарту, трейдинг, депозитарлық-брокерлік және тәуелсіз аналитикалық қамтуды қоса алғанда, инвестициялық-банктік қызметтердің кең спектрін ұсынады. sovacapital.com

AIFC AI assistant