АХҚО-да Ислам қаржыландыруы қызметі Кеңесі өтіп жатыр

22-26 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласында тұңғыш рет ТМД және Орталық Азия елдерінің арасында Ислам қаржыландыруы қызметі Кеңесінің (Islamic Financial Services Board – IFSB) отырысы өтіп жатыр. 
IFSB -ислам қаржыландыруы институттарының тиімді қадағалануы мен реттеуі бойынша талаптарды дайындайтын халықаралық орган. 
Бір апта көлемінде өтетін Кеңес жиыны бірнеше бөліктен тұрады, оның ішінде IFSB Техникалық комитеті отырысына IFSB-ге мүше елдердің орталық банктері мен реттеушілерінің өкілдері қатысады. Ислам қаржы капиталы саласында инвесторлардың құқығын қорғау, исламдық депозиттер кепілдігінің тиімді жүйесін құру бойынша жұмыс топтарының кездесулері өтуде. 
«Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов «Ислам қаржыландыруы АХҚО негізгі бағыттарының бірі. АХҚО-да халықаралық талаптарға, оның ішінде IFSB талаптарына сай қажетті құқықтық нормативтік база жасалынған. Мұндай іс-шаралар ислам қаржыландыруы бойынша ақпаратты кеңейтеді, әрі ислам қаржы нарығы өкілдері мен реттеушілері арасындағы диалогты орнататын алаң ретінде тиімді» деді.
Іс-шараға БАЭ, Оман, Сауд Арабиясы, Бруней, Малайзия, Катар және тағы да басқа 20 елден өкілдер қатысты. 
АХҚО 2017 жылдан бері IFSB-ның тұрақты өкілі. Бұл ұйымның өкілі болу ислам қаржыландыруы институттарының бірегей талаптарын дайындау кезінде тиімді ықпалдастық танытуға көмектеседі. 
АХҚО-ның нормативті-құқықтық базасы халықаралық және IFSB талаптарына сай жасалынған. АХҚО өкілдері ислам қаржыландыру заңдылығын дамыту бойынша талаптарды дайындайтын Техникалық Комитет мен жұмыс топтарының құрамына да енген.
Осындай іс-шаралар АХҚО-ның ислам қаржыландыруы және бизнес Хабы ретіндегі позициясын нығайтады, ислам қаржыландыру бойынша ақпаратты арттырады, әрі IFSB, ислам қаржыландыруы өкілдері мен реттеушілерінің арасындағы диалог алаңын жасауға ықпал етеді.  


Анықтамалық ақпарат:

АХҚО Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Орталық 2015 жылғы желтоқсан айында қабылданған «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға сәйкес қызмет етеді. АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.
www.aifc.kz 
IFSB бүкіл ислам қаржысы саласына сай (банкинг, сақтандыру, қаржы капиталы) пруденциалды талаптарды дайындаумен айналысады, сонымен қатар ислам қаржыландыруы бойынша қадағалау талаптары мен реттеу талаптарын жариялайды. АХҚО 2017 жылы осы ұйымның мүшесі атанды.
https://www.ifsb.org/

AIFC AI assistant