Аймақаралық ынтымақтастық форумы барысында АХҚО-ның жаңа резиденттеріне лицензия табыс етілді

Ресей Федерациясы мен Қазақстанның мемлекет басшыларының қатысуымен өтіп жатқан XVI Аймақаралық ынтымақтастық форумының аясында «Астана» Халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) қызмет жүргізуге рұқсат ететін сертификаттар ресейлік компанияларға табысталды.  
АХҚО-ның Қаржылық қызметтерді реттеу комитетінің (AFSA)  лицензиясы Омбы облысының губернаторы А. Бурков пен ҚР Сауда және интеграция министрінің қатысуымен Magistral Ltd және Druzhba Ltd компанияларының басшылықтарына берілді.  
АХҚО-ның жаңа резиденттері өз кезегінде өнеркәсіп саласының өкілдері. Мәселен Magistral Ltd сауда алгоритмі қағидаты бойынша сауда роботтарын дайындайды.

Қазіргі уақытта АХҚО алаңында 30 елден 300-ден астам компания тіркелген, оның 20-дан көбі РФ-ның компаниялары. Қатарында Wildberries және АКРА бар. 
XVI Аймақаралық ынтымақтастық форумында АХҚО-ның стенді орнатылды. Онда форумға қатысушы бизнес-қоғамдастық пен Ресейдің шекара маңында орналасқан компания өкілдері Қаржы орталығымен өзара әрекеттесу және оның тәртіптерімен танысып, АХҚО алаңындағы Биржа жөнінде толыққанды ақпарат алды.
Сонымен қатар АХҚО өкілдері «Экономикалық ынтымақтастықтың заманауи аспектілері» атты ресейлік-қазақстандық іскерлік кеңестің отырысына қатысып, қаржы орталығының әлеуеті мен мүмкіндіктерін таныстырды. 


Сұраулар:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО-ны құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты-халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға ықпалдасу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету.
www.aifc.kz

AIFC AI assistant