Катардың Сауда және индустрия министрі бастаған делегациясы АХҚО жұмысымен танысты
Катардың сауда және индустрия министрі Әли бен Ахмед әл-Кауари бастаған Катар делегациясы «Астана» халықаралық қаржы орталығына (АХҚО) келді.
Делегация қатысушылары арасында Qatar Investment Authority өкілі – Шейх Фейсал бен Тани Аль-Тани,”Qatar Stock Exchange” басшысы – Рашид Аль-Мансури, инвестицияларды ілгерілету жөніндегі агенттіктің басшысы – Шейх Али бен Уалид Тани Аль-Тани, Al Rayan Investment – Хайтем Аль-Катержи және т. б. болды.
АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов пен Катар делегациясының мүшелері Катар банкін АХҚО-да тіркеу жайын талқылады. Тараптар атап өткендей, бұл Катарды қоса алғанда, Таяу Шығыс елдері тарапынан Қазақстанға АХҚО арқылы инвестициялық ағындарды тарту үшін қосымша мүмкіндіктер береді.
Сонымен қатар, тараптар Qatar Stock Exchange және Astana International Exchange (AIX) биржаларының ынтымақтастық мүмкіншіліктерін талқылады.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. «АХҚО туралы» Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты-халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады.