Сарапшылар 2021 жылы Қазақстанда құқық қорғау мен сот жүйесін модернизациялау жоспарын сипаттады

2020 жылдың 22 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінде «Қазақстандағы құқық қорғау мен сот жүйесін модернизациялаудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.

Құқық қорғау мен сот жүйесін реформалаудың қазіргі айналымының басынан бері алғаш рет көпшілік алдында барлық тиісті ведомство басшылары, отандық және шетелдік беделді сарапшылар бас қосты.

Шараны ұйымдастырушылар – Қазақстандық криминология қауымдастығы, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті, «Сорбонна-Қазақстан» институты, «Акселератор добра: Ізгілік елшісі» ұлттық волонтерлар қозғалысы мен Халықаралық заңгерлер одағы.

Дөңгелек үстелдің модераторы Нұрсұлтан Назарбаев қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов болды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сай 2021 жылы құқық қорғау мен сот жүйесіне жасалатын ауқымды өзгерістерді айта келіп, сарапшылар қазіргі негізгі тренд – сервистік модельге өтуге көңіл аударды. Дөңгелек үстелге қатысушылардың ұсынып отырған шешімдерін орындаудағы негізгі міндет – барлық азаматтарға түсінікті және қолжетімді сервис пен қызмет ұсыну.

Осы мақсатта цифрландыру құралдарын пайдалана отырып бюрократияны азайту мен барлық процестердің ашықтығын арттыру бойынша ауқымды шаралар қабылданып жатыр және алдағы уақытта да жалғаспақ.

Құқық қорғау мен сот жүйесін модернизациялау мәселелері құқық қорғау құрылымдары мен сот жүйесі арасын үйлестіруші, сарапшылар мен ғылыми орта кеңестері негізінде нақты шешім шығарушы, сонымен қатар олардың іске асырылуындағы сапа, жеделдік пен тиімділікті бақылаушы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты бақылауында.

Құқық қорғау мен сот жүйесін модернизациялауды жеделдету осы бағыттағы процестердің елдегі өзге де реформалармен үйлесім табуын және олардың жалпы өзгерістерге кірігуін қамтамасыз ететін Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің құрылуын қамтамасыз етті.

 Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО-ны Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады.

АХҚО миссиясы – өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу. Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді. aifc.kz

AIFC AI assistant