АХҚО мен Kaspi.kz IT мамандарды дайындаумен айналысады

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы мен Kaspi.kz 2021 жылдың 5 ақпанында өткен Digital Almaty форумы аясында IT-мамандарды оқыту бағытындағы серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов пен Kaspi.kz негізін қалаушылардың бірі және басшысы Михаил Ломтадзе қол қойды.

Бірлескен бастама ұлттық және аймақтық қаржы технологиялары, электронды коммерция мен интернет заттарын дамытуға бағытталады. Серіктестік аясында бағдарламалық сервис инженерлері, кең профильді веб-әзірлеушілер мен мәліметтермен жұмыс істейтін мамандар, IT-экожүйелердің архитекторларын дайындауға ерекше көңіл бөлінеді. Оқыту сонымен қатар автоматтандырылған QWANT бұлттық платформасы базасында өтеді.

Ернұр Рысмағамбетов, «АХҚО Әкімшілігі» АҚ Басқарма төрағасы: «Мемлекет пен бизнес ІТ мен аралас салаларда білікті мамандардың тапшылығын сезінуде. Жаңа технологиялар саласында сарапшыларды жүйелі түрде дайындамай ауқымды реформалар мен сапалы цифрлық қайта құру, соның ішінде Data Driven Government қалыптастыру мүмкін емес. Біз бұл процесске мүмкіндігіміз жеткенше көмек көрсетуіміз керек».

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі: «Біздің команда ІТ және мәліметтерді сараптау саласында жоғары білікті мамандарды дайындау бастамасына қосылады және қуана қолдайды. Біз Қазақстандағы технологиялық салаларда біздің өмірімізді жақсартатын жоғары санатты мамандардың көп болатынына,  көптеген инновациялық қызметтердің пайда болатынына сенеміз».

Анықтамалық ақпарат:

 «Астана» халықаралық қаржы орталығы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО-ны Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады.

АХҚО миссиясы – өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу. Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді. https://aifc.kz/

Kaspi.kz  – Kaspi.kz миссиясы – сүйікті клиенттердің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтер жасау.  Компания инновацияларының негізінде өз саласындағы жалғыз және елдегі ең танымал, 9 миллионнан астам қазақстандық қолданатын мобильді суперқосымша Kaspi.kz тұр. Kaspi.kz мобильді суперқосымшасының көмегімен клиенттер төлем және аударым жасап, жеке қаражаттарын басқарады және жеткізу қызметімен тиімді онлайн зат сатып алады. Kaspi.kz-тің 10 000 қызметкерінің әрқайсысы күн сайын сүйікті клиенттерінің өмірін жақсартып, инновациялармен таңқалдыру үшін бар күшін салады.

AIFC AI assistant