АХҚО мен РҒА ӘЭХҚИ өзара ҚР мен РФ-да тартымды инвестициялық орта қалыптастыруға келісті

«Астана» халықаралық қаржы орталығы» Әкімшілігі (ары қарай – АХҚО) мен «Ресей ғылым академиясының Е. М. Примаков атындағы Әлемдік экономика мен халықаралық қатынастар ұлттық зерттеу институты» (ары қарай – РҒА ӘЭХҚИ) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Құжатқа АХҚО атынан Бас экономист – Басқарма мүшесі Бауыржан Бектеміров пен РҒА ӘЭХҚИ атынан институт директоры Федор Фойтоловский қол қойды.

Өзара келісімге сай, Тараптар халықаралық ынтымақтастықты дамыту, ғылыми-сараптамалық ақпарат құру мен оны тараптардың өзара жұмысындағы басты бағыттар бойынша пайдалану және ғылыми-сараптамалық білімді тарату бойынша бірлесе жұмыс істемек.

Құжат аясында Тараптар әлемдік экономиканың мәселелерін зерттеу үшін ғылыми-сараптамалық ұжымдар мен жұмыс топтарын құрып, өзекті ұлттық тәжірибе құруға ниетті.

Әлемдік қаржы нарығының дамуы мен ұлттық экономикалардың жұмыс істеуіне әлемдік процестердің ықпалы туралы ағарту бағдарламаларын іске асыру жоспарланған.

Ғылыми-сараптамалық ынтымақтастық әлемдегі жаһандық процестерді ескере отырып Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясында тартымды инвестициялық орта құруға атсалысуға бағытталады.

 

 

Анықтама үшін:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспары шеңберінде құрылды.

2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО басқару жөніндегі кеңестің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясы қабылданды.

Оған сәйкес АХҚО-ның пайымдауы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропаны қамтитын өңірдегі жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуында болып отыр.

АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақ мерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде әрекет ете алады».

АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары тұйық циклді экономиканы, қаржылық технологияларды және «цифрлық қаржы орталығын» дамытуды қамтиды. https://aifc.kz/

«Ресей ғылым академиясының Е. М. Примаков атындағы Әлемдік экономика мен халықаралық қатынастар ұлттық зерттеу институты» федералды мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесінің (РҒА ӘЭХҚИ) қызметі қазіргі әлемдік саясат пен әлемдік экономиканың негізгі даму үрдісін зерттеуге, саяси шешім қабылдау үшін сенімді сараптамалық негіз дайындауға бағытталған. Институт өзінің Қаулысына сай, зерттеу бағдарламасын өз бетінше анықтайды. РҒА ӘЭХҚИ зерттеушілері тәуелсіз, партияға кірмейді.

AIFC AI assistant