Нұрсұлтан Назарбаев “Астана” халықаралық қаржы орталығында болды

Елбасы АХҚО қызметімен, соның ішінде елге шетелдік ірі инвестиция тарту, адами капиталды дамыту мен креативті экономиканы дамыту жұмыстарымен танысты.

АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов Тұңғыш Президентке Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясының нәтижелерін және оны ары қарай жалғастыру барысын баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан-2050” Стратегиясы мен ұлттық экономиканы дамытудағы АХҚО рөлінің маңызын атады. 

AIFC AI assistant