Ресейдің Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрағасы АХҚО қызметімен танысты

Ресейдің Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко «Астана» халықаралық қаржы орталығында (бұдан әрі – АХҚО, Орталық) болды.

Ресей Федерациясы Кеңесінің спикері АХҚО органдарының – АХҚО биржасы, АХҚО Соты мен Төрелік орталығы, Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті, Исламдық қаржы және бизнес хабы, Жасыл қаржы орталығы, АХҚО Экспат орталығы қызметтерімен танысты.

Сапар барысында В.Матвиенко сондай-ақ АХҚО юрисдикциясының артықшылықтары мен жетістіктері туралы хабардар етілді, олардың бірі Орталықта әлемнің 53 елінен 800 компанияның тіркелгені. Бұдан басқа, АХҚО-ның ресейлік компаниялармен, оның ішінде «Сбер», «Росгеология», «Polymetal» және т. б. өзара іс-қимыл саласында ақпарат ұсынылды.

 

Анықтамалық ақпарат:

 «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында құрылды.2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды.

Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген.

АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады».

АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономика, қаржы технологиясы мен «цифрлық қаржы орталықты» дамытуды қамтиды.

www.aifc.kz

AIFC AI assistant