«Astana Finance days» аясында экономикалық өсімнің қалпына келуі, сауда байланыстыраның кеңеюі мен орталық банктердің жұмысы талқыланды
«Astana Finance Days 2021» халықаралық конференциясының макроэкономикалық форумы аясында «Экономикалық өсімнің қалпына келуі», «Сауда байланыстырын кеңейту» және «Жаңа дәуірдегі орталық банктердің жұмысы» тақырыптарында халықаралық даму мен экономикалық байланысқа арналған панельді сессиялар өтті. Сессия барысында жергілікті және халықаралық сарапшылар жаһандық экономика мен дамушы елдер экономикасына қатысты өзгерістер мен тәуекелдерді талқылады.
Сессия барысында жаңа тәуекелдер кезінде экономиканы қалпына келтіру процестерін ынталандыру үшін қажетті саяси басымдылықтар қарастырылды. Шараға ХВҚ Таяу Шығыс пен ОрталықАзия елдері департаменті директоры Джихад Азур, Сессияға жаңару бойынша Бреттон-Вуд комитетінің негізін қалаушы және атқарушы директоры Марк Узан, Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика бойынша алқа мүшесі (министрі) Сергей Глазьев, Италия экономикалық даму министрлігінің мемлекеттік хатшысының бұрынғы орынбасары Микере Джерачи, Еуропа комиссиясының бұрынғы төрағасы және Италияның бұрынғы Премьер-министр Романо Проди, «Делойт» компаниясының Ресей мен ТМД-дағы қаржы құралдарына қызмет көрсету бағыты бойынша жетекші Екатерина Трофимова, тұрақты Қазақстан зерттеу институтының директоры Брендан Дюпрей және өзгелер қатысты.
ХВҚ Таяу Шығыс пен ОрталықАзия елдері департаменті директоры Джихад Азур Таяу Шығыс, Солтүстік Африка мен Орталық Азия өңірлері арасында сауда мен экономикалық дәліз құру маңызына тоқталды.
Жаңару бойынша Бреттон-Вуд комитетінің негізін қалаушы және атқарушы директоры Марк Узан:
«Экономикалық өсім болашағының трансформациясы – постковидтық ортадағы бағдар. Біз жаңа экономикалық жүйеге ауысып жатырмыз. Ол барынша экологиялық, барынша цифрлық, барынша инклюзивті, барынша тұрақты болады. Бұл ерекшеліктер әлемнің барлық елі үшін өзекті. Отырыста осы мәселе талқыланады. Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында тұщымды ой айта аламыз деп ойлаймын».
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО-ны басқару жөніндегі кеңестің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуды көздейді. https://aifc.kz/