Башқұртстан Республикасы АХҚО-да өкілдік кеңсесін ашты

Башқұртстан Республикасының Басшысы Радий Хабиров Қазақстан Республикасына жасаған сапарында «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) аумағында Башқұртстан Республикасы Конгресс-бюросының «Кеңсе-Тобы» (Конгресс-бюро) Өкілдігінің ашылуына қатысты. 

АХҚО Әкімшілігі мен Конгресс-бюро өңірлік және халықаралық деңгейдегі шаралар өткізуге, сонымен қатар АХҚО алаңы мүмкіндіктерін пайдалана отырып тұрақты даму мен инвестиция тартуға қолдау көрсетуге келісті. 

Сапар барысында «АХҚО Әкімшілігі» АҚ Басқарма Төрағасы Ернұр Рысмағамбетов пен Башқұртстан Республикасын дамыту корпорациясы Бас директоры Габбасов Наиль капитал нарығын дамыту саласында ынтымақтастықты арттыруға келісті. Тараптар инновациялық идеялар мен стартаптарды дамытуға, әлеуетті экологиялық және әлеуметтік жобаларға инвестиция тартуда бірлесе еңбек етуге ниетті. 

Сонымен қатар АХҚО Әкімшілігі мен Башқұртстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасы құнды қағаздар нарығы мен венчурлі капитал нарығын бірлесе дамытуға келісті. Қаржы технологиялары, цифрландыру мен инновация саласындағы жобаларды дамыту жұмыстары жоспарланды. Оған қажетті қаражат АХҚО Тех Хабы арқылы тартылады. Сонымен қатар, АХҚО Бюросы мен Құқық академиясымен бірлесіп адам капиталын дамыту мен біліктілікті арттыру жоспарда бар. 

Башқұртстан Республикасы делегациясы өкілдерінің айтуынша, Башқұртстан Республикасы мемлекеттік органдары мен коммерциялық құрылымдары пост-ковид уақытында экономиканы дамыту мен АХҚО ұсынып отырған шетелдік инвестиция тарту мүмкіндіктеріне қызығушылық танытып отыр.  

 

Анықтамалық ақпарат: 

 «Астана» Халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам” Ұлт жоспары аясында құрылды.2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген.

АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». www.aifc.kz

AIFC AI assistant