Қырғыз Республикасының бизнес қауымдастығы АХҚО алаңы мүмкіндіктерін пайдалануға қызығушылық танытты

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғыз Республикасы Президенті Садыр Жапаровтың «Астана» халықаралық қаржы орталығы (ары қарай – АХҚО) алаңын пайдалану туралы келісімін жүзеге асыру мақсатында Қырғыз Республикасының ірі қаржы ұйымдары мен институттарының 20 жетекшісінен тұратын бизнес-делегация АХҚО-ға келді. 

Сапар аясында АХҚО мен Қырғызстан Банктері Одағы, Америка сауда-өнеркәсіп палатасы, Халықаралық Іскерлік Кеңес, Ресей-Қырғыз Даму Қоры арасында АХҚО алаңының мүмкіндіктерін пайдалана отырып Қырғыз Республикасына инвестиция тарту мен капитал нарығын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды. Бұдан бөлек құнды қағаздар мен венчурлі инвестицияны, инновацияны, цифрландыру мен электронды коммерцияны дамыту туралы келісімдерге қол жеткізілді. Әсіресе тараптар АХҚО алаңы арқылы перспективалы жобаларға, соның ішінде инновациялық және қаржылық идеялар мен стартаптарға бағытталған экологилық және әлеуметтік жобаларға инвестиция тарту бойынша жұмыстарға ерекше көңіл аударуға ниетті. 

Сонымен қатар АХҚО лицензиясын алған алғашқы қазақстандық венчурлі компания MOST Ventures бен АХҚО қаржы технологиясы саласныдағы қатысушы қырғызстандық Namba Group компаниясы арасында бірінші раундта 1 млн АҚШ доллары көлемінде қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды. 

Қырғыз Республикасы делегациясы АХҚО Соты мен Халықаралық Төрелік орталығы, Қаржы қызметтерін реттеу комитеті, Исламдық қаржы және бизнес хабы, Жасыл қаржы орталығы, Экспат орталық, АХҚО биржасы, Үздіксіз кәсіби даму бюросы мен АХҚО Тех хабы жұмыстарымен танысты. 

Бұған дейін АХҚО делегациясы қаржы нарығымен танысу және инвестициялық өнім мен қызметтерді зерттеу, сонымен қатар АХҚО артықшылықтарын таныстыру мақсатында Бішкекке барған еді. Сапар барысында мемлекеттік және жеке меншік құрылымдар өкілдерімен кездесулер өтіп, нәтижесінде АХҚО Әкімшілігі мен Қырғыз Республикасы Инвестиция министрлігі арасында, сонымен қатар «Оптима Банкпен» инвестиция тарту, құнды қағаз нарығын дамыту, венчурлі, жасыл және исламдық қаржыландыруды және кадрлық потенциалды дамыту үшін халықаралық сертификация мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілген еді. 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО-ны Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады.

АХҚО миссиясы – өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу. Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа бола алады». https://aifc.kz/

AIFC AI assistant