«Астана» халықаралық қаржы орталығы мен ММХҚИ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен Мәскеу Мемлекеттік Халықаралық Қатынастар Институты (ММХҚИ) арасында ынтымақтастық туралы келісімге салтанатты түрде қол қойылды. Құжатқа ММХҚИ ректоры, РҒА академигі А.В. Торкунов пен Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, АХҚО Басқарушысы Қ.Н. Келімбетов қол қойды.

Тараптар халықаралық серіктестерді тарта отырып халықаралық ғылыми-зерттеу және білім беру бағдарламаларын бірлесе жүзеге асыруға келісіті. Келісім аясында Университет алаңында Халықаралық қаржы орталықтарының инветсициялық саясаты мен бәсекеге қабілеттілігі халықаралық орталығын құру мүмкіндігі қаралады. Орталық қызметі халықаралық қаржы орталықтарының бәсекеге қабілеттілігінің жаңа аспектілерін кешенді зерттеуге, инвестициялық саясатты дайындау мен іске асырудың өзекті мәселелеріне және ЕАЭО елдерінің қаржы нарықтарын интеграциялаудың күн тәртібін жүйелеуге бағытталмақ. 

Қол қою барысында зерттеу орталықтарының, даму институттарының, қалалық әкімдіктердің, инвестициялық агенттіктер мен қорлардың, халықаралық қаржы орталықтарының ұлттық инвестициялық жобаларды құру мен жаңартудың жаңа қатысушылары ретінде қалыптасып келе жатқаны айтылды. Орталық инвестициялық өркендеудің, елдердің инвестициялық тартымдылығын күшейту мәселелері бойынша кешенді зерттеу жасаудың және жаһандық инвестициялық ландшафтты жақсарту үшін инвестициялық саясаттың жаңа құралдарын дайындаудың алаңына айналмақ.

Келісім аясында тараптар Халықаралық қаржы орталықтарының жаһандық альянстары (WAIFC), FC4S, Z/Yen Group, CREC Center, HKU қатысуымен инвестициялық саясатты іске асыру мен халықаралық қаржы орталықтарын дамытудың өзекті мәселелері бойынша халықаралық сараптамалық семинарлар мен конференциялар өткізу, талдау баяндамалары мен жариялау жоспарланған.

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 қадам” Ұлт жоспары шеңберінде құрылды. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО басқару кеңесінің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымдауы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропаны қамтитын өңірдегі жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуды білдіреді. 

АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақ мерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев атап өткендей, “АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде әрекет ете алады”. https://aifc.kz/ 

ММХҚИ теңдессіз халықаралық құзіретке ие алдыңғы қатарлы әлеуметтікэкономикалық және гуманитарлық университет. ММХҚИ оқытылатын шет тілдерінің саны (53) бойынша Гиннес рекордтар кітабына енген. Бүгінде Университет үш заманауи кампуста жұмыс істейді – Мәскеуде, Мәскеу түбінде және Ташкентте, сонымен қатар білім беру платформасы ретінде Женевада. ММХҚИ — бакалавриат, магистратура, аспирантура, мектеп және орташа білім беру, жоғарғы оқу орнына дейінгі білім беру, MBA және EMBA секілді білім берудің барлық деңгейін қамтитын заманауи білім беру және ғылым зерттеу кешені. Дипломатиялық мамандыққа тән икемділік пен білім берудің жақындығының үйлесімі және шағын топтарда студенттердің оқытушының толық қамқорлығында болуы білім берудің ерекше жағдайын қалыптастырып, жұмыс беруші тарапынан әрқашан жоғары бағаланады. https://mgimo.ru

AIFC AI assistant