АХҚО және Катар қаржы орталығы (КҚО) экономикалық және қаржылық секторлардағы қатынастарды нығайтуға келісті
«Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) және Катар қаржы орталығы (КҚО) экономикалық және қаржы секторларындағы қатынастарды нығайтуға келісті.
Келісімге қол қою Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Б. Тілеуберді мырза бастаған Қазақстан Республикасы делегациясының Катарға мемлекеттік сапары шеңберінде өтті. Құжатқа “АХҚО Әкімшілігі” АҚ Басқарма төрағасы Е.Рысмағамбетов, сондай-ақ КҚО Бас атқарушы директоры Юсуф Мохамед Аль-Джайда қол қойды.
Тараптар келесі бағыттар бойынша бірлескен жұмысқа қызығушылық білдірді:
– КҚО қатысушы ұйымдарына АХҚО -да және АХҚО қатысушы ұйымдарына КҚО -да жұмыс істеуге мүмкіндік беретін параметрлерді зерттеу.
– АХҚО және КҚО экожүйелерінде қатысушылардын және қаржылық қызметтерді жеткізушілердің іскерлік операцияларын ұйымдастыру сияқты қаржы секторының жобалары бойынша ынтымақтастық.
Қайрат Келімбетов, АХҚО Басқарушысы: “АХҚО ҚҚО-мен 2018 жылдан бастап құрылған қарым-қатынасты дамытуын жалғастыруға қуанышты. Біз әріптестерімізбен мынадай бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге дайынбыз: банк ісі, цифрлық қаржы, финтех, капитал нарықтары, сақтандыру және қайта сақтандыру, активтер мен инвестицияларды басқару және т.б. АХҚО қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылатын ислам қаржысына жеке тоқталған жөн. Қазақстан бүкіл өңірдің исламдық қаржы хабы рөлін атқарады және біз осы саланы дамыту үшін ҚҚО-мен адал қызмет жүргізуге үлкен ықыласпен дайынбыз”.
Юсуф Мохамед Аль-Джайда, КҚО бас атқарушы директоры: “Біз “Астана” Халықаралық қаржы орталығымен, қарқынды дамып келе жатқан іскерлік және қаржы орталығымен, сондай-ақ Қазақстанның экономикалық өсуінің жетекші қозғалтқышымен әріптестігімізді мақтан тұтамыз. Катар қаржы орталығы Катардың экономикалық дамуы мен әртараптануындағы негізгі ойыншы болып табылады және осы жылдар ішінде біз серіктестік қарым-қатынасты қалыптастыру негізгі мақсаттарымызды жүзеге асыру үшін өте маңызды екенін дәлелдедік”.
АХҚО делегациясының Катарға сапары шеңберінде АХҚО Басқарушысы Қ. Н.Келімбетовтің Катар Мемлекетінің Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл-Танимен және Катар Мемлекетінің Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман әл-Танимен кездесулері өтті.
Сонымен қатар, “WISE” атты білім беру және адами ресурстарды дамыту қорының (“Qatar Foundation” даму қоры жанындағы) басқарма басшылығымен, Катар Үкіметінің мемлекеттік министрімен, Катар қаржы министрі Али Әл-Кауаримен, Катар Орталық банкінің төрағасы шейх Бандар бен Мохаммед Әл-Танимен, Катар қор биржасының (Qatar Stock Exchange, QSE) басқарма төрағасы Тамим бен Хамад әл-Кауари, Катар еркін экономикалық аймақ (ЕЭА) әкімшілігінің Директорлар кеңесінің төрағасы Ахмад бен Мохаммед әл-Сайед, Катар инвестициялық қорының (Qatar Investment Authority, QIA) басқарма төрағасы Мансур әл-Махмуд, сондай-ақ банк топтарының төрағалары және тағы басқаларымен кездесулер өтті.
Сапар қорытындысы бойынша банк-қаржы, инвестиция және білім беру салаларында бірқатар келісімдер орнатылды.
Анықтама:
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.