АХҚО әкімшілігі мен Гонконгтың сауданы дамыту жөніндегі кеңесі ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады
Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қосбаев бастаған «АХҚО Әкімшілігі» АҚ өкілдері Гонконгтың Еуропа, Орталық Азия және Израиль бойынша сауданы дамыту жөніндегі кеңесінің (HKTDC) өңірлік директоры Сайлас Чу мырзамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында АХҚО әкімшілігі мен Гонконгтың сауда дамыту жөніндегі кеңесі арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.
Тараптар «Белдеу және жол» бастамасы, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын басқа да бағыттар, соның ішінде АХҚО Құқық академиясының платформаларында білім беру бағдарламалары аясында ынтымақтастық жасауға дайын екендіктерін білдірді.
Анықтама:
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады. www.aifc.kz
Гонконгтың сауданы дамыту жөніндегі кеңесі (HKTDC) 1966 жылы Гонконг саудасын ынталандыру, көмек көрсету және дамыту үшін құрылған заң шығарушы орган болып табылады. Бүкіл әлем бойынша 50 кеңсе, оның ішінде 13 материктік Қытайда, HKTDC Гонконгты екі жақты жаһандық инвестициялық және бизнес орталығы ретінде алға жылжытуда.
HKTDC континенталды және халықаралық нарықтарда компанияларға, әсіресе шағын және орта бизнеске (ШОБ) бизнес мүмкіндіктерін құру үшін халықаралық көрмелер, конференциялар және бизнес миссияларды ұйымдастырады. Компания сонымен қатар зерттеу есептері мен сандық жаңалықтар арналары арқылы нарық пен өнімдер туралы өзекті ақпаратты ұсынады. www.hktdc.com