АХҚО мен БҰҰ әлеуметтік және экологиялық жобаларға жасыл қаржы құралдары мен инвестицияларды бірлесіп ілгерілету туралы келісті

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Қырғыз Республикасындағы Миссиясы әлеуметтік және экологиялық жобаларға жасыл қаржы құралдарын және инвестицияларды бірлесіп ілгерілету туралы уағдаласты. 

Келісімге АХҚО Басқарма Төрағасы Ернұр Рысмағамбетов пен БҰҰ-дың Қырғыз Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі Озонниа Ожиело қол қойды.

Тараптар АХҚО мен Қырғыз Республикасын инвестициялар үшін аумақтар ретінде, оның ішінде жасыл қаржыландыру құралдары арқылы ілгерілету туралы уағдаласты. Атап айтқанда, АХҚО мен БҰҰ экологиялық жобаларға инвестиция салу үшін жасыл қаржыландыру құралдарын (жасыл облигациялар, жасыл несиелер, жасыл ислам бағалы қағаздары) пайдалануға келісті.

Сондай-ақ ислам қаржысы индустриясын, халал индустрияны және ислам қаржысы саласындағы кадрларды дамытуға ерекше назар аударылатын болады.

АХҚО және БҰҰ өкілдері адами капиталды дамыту, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту сияқты кең ауқымды мәселелерді талқылады, сондай-ақ 2030 жылға қарай экономикалық және әлеуметтік қайта құруларды қамтамасыз ету және Орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) қол жеткізуді қолдау үшін ынтымақтастықты күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – өз жұмысын 2018 жылы бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде орнығу.

www.aifc.kz

 

AIFC AI assistant