АХҚО-ның Заң қызметтерін реттеу жөніндегі кеңесі заңгерлерді тіркеудің басталғанын туралы хабарлайды
АХҚО құқығын іс жүзінде қолданғысы келетін заңгерлер АХҚО-ның Заң қызметтерін реттеу жөніндегі кеңесіне тіркеуге өтінім бере алады.
Тіркелу үшін толтырылған тіркеу нысанын және кәсіби біліктілігін және адвокаттың кәсіби жауапкершілігінің сақтандырылғанын растайтын ілеспе құжаттарды Кеңестің кеңсесіне [email protected] эл. поштасына жолдау қажет.
Тіркеу ақысы 2023 жылдың 3 мамырына дейін алынбайды.
Тіркеуге арналған өтінімдердің алғашқы пулын Кеңес 2022 жылғы 21 маусымда қарайтын болады. Алғашқы пулға кіру үшін 2022 жылдың 19 маусымына дейін өтініш беру керек.
Біраз уақыт бұрын АХҚО Заң қызметтерін реттеу жөніндегі кеңесінің ұлықтау отырысы өтіп, оның қорытындысы бойынша мінез-құлық кодексі, заң қызметтерін көрсету стандарттарын белгілейтін және заңгерлерді тіркеу мәселелерін регламенттейтін ережелер қабылданғанын естеріңізге саламыз.
Барлық сұрақтар бойынша Кеңес хатшысы Айгерім Тасболатқызына +7 (7172) 64 74 43, +7 (702) 976 60 15 тел. Нөмірлері арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.
Қосымша акпарат алу үшін келесі сілтемеден өтіңіз: https://aifc.kz/legal-services-regulation/
Ережелер, соның ішінде тіркеу жөніндегі нұсқаулық және өтінім формасы келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://aifc.kz/legal-framework/legal-services-regulations/
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – өз жұмысын 2018 жылы бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті – ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде орнығу.
www.aifc.kz