АХҚО әкімшілігі мен Гонконг Заң қоғамдастығы Өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

«АХҚО әкімшілігі» АҚ мен Гонконг Заң қоғамдастығы өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Құжаттарға АХҚО әкімшілігі Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Қосыбаев және Гонконг Заң қоғамдастығының Президенті К.М. Чан қол қойды.

Қол қою рәсіміне сондай-ақ АХҚО Заң қызметтерін реттеу жөніндегі кеңесінің Төрағасы Саймон Кокс, АХҚО әкімшілігінің өкілдері, сондай-ақ Гонконг заң қоғамдастығының вице-президенттері Амирали Б.Насир, Роден Тонг және бас хатшы Хэйди Чу қатысты.

Келісімге сәйкес тараптар заң кәсібін реттеу саласында ақпарат пен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ АХҚО Құқық академиясы мен Гонконг Құқық академиясы базасында заңгерлер үшін бірлескен білім беру бағдарламалары мен тағылымдамалар өткізуге уағдаласты.

 

Анықтамалық ақпарат

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – өз жұмысын 2018 жылы бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті – ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде орнығу. www.aifc.kz

Гонконг заң қоғамы – бұл өзін-өзі реттейтін орган және Гонконгтағы солиситорлардың (адвокаттардың) кәсіби қауымдастығы. Оған ең жоғары стандарттарды сақтау үшін заң фирмалары мен адвокаттардың қызметін бақылаудың жарғылық міндеті жүктелген. hklawsoc.org.hk

AIFC AI assistant