АХҚО әкімшілігі мен Катар қаржы орталығының әкімшілігі ынтымақтастық туралы Өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

«АХҚО әкімшілігі» АҚ мен Катар қаржы орталығының (КҚО) әкімшілігі Өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. 

Құжаттарға АХҚО әкімшілігі Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Қосыбаев және КҚО әкімшілігінің Атқарушы директорының орынбасары Насер Аль Тавил қол қойды.

Рәсім барысында тараптар одан әрі ынтымақтастықтың бағыттарын және қол қойылған меморандум аясындағы өзара іс-қимылдың нақты мәселелерін талқылады.

Келісімге сәйкес тараптар өзара негізде АХҚО және ҚҚО құқығын қолданатын заңгерлер үшін заң қызметтері нарығына қолжетімділік ашу мәселелері бойынша ынтымақтасуға келісті, сондай-ақ АХҚО Құқық академиясы базасында заңгерлер үшін бірлескен білім беру бағдарламалары мен тағылымдамалар өткізуге уағдаласты.

 

Анықтама:

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады. www.aifc.kz

 

Катар қаржы орталығы (ҚҚО) – Дохада орналасқан іскерлік және қаржы орталығы, ол Катардың 2030 жылға дейінгі ұлттық көрінісінде қарастырылған экономикалық дамуға және әртараптандыруға ықпал ететін өзінің құқықтық, нормативтік, салық және бизнес ортасын ұсынады. www.qfc.qa

AIFC AI assistant