«Экономиканы әртараптандыру: шектеулер мен мүмкіндіктер» сессиясының қорытындысы  

 

«Astana Finance Days-2022» конференциясы аясында гибридті форматта макроэкономика және экономикалық өсу жөніндегі сарапшылардың қатысуымен «Экономиканы әртараптандыру: шектеулер мен мүмкіндіктер» сессиясы өтті.

Қазақстанға табысқа жету жолында қандай кедергілер бар екенін талдап, әртараптандыру стратегиясын қалыптастырған жөн. Осындай кедергілердің бірі – білікті кадрлардың тапшылығы, оның шешімі – қосылған құны бар күрделі тауарларды өндіру бойынша дағдыларды «импорттауға» арналған либералдық көші-қон саясаты болып табылады.

Тасымалдауға қиын балама энергия көздерінің рөлі артып келеді. Сондықтан «жасыл» энергетиканы дамыту әлеуеті жоғары ел Қазақстанның күрделі тауарлардың энергияны көп қажет ететін өндірістерін тарту мүмкіндігі бар.

Басқа елдердің тәжірибесі пайдалы болуы мүмкін. Сингапурдың үлгісі әртараптандыру жөніндегі шараларды табысты іске асыру үшін мемлекеттің мүмкіндіктерін институттандыру мен жұмылдырудың, оның ішінде салықтық ынталандырудың тиімді шарттарының маңыздылығын көрсетеді.

Тауарлар кеңістігін кеңейту бойынша негізгі шектеулер мен мүмкіндіктерді талдау негізінде жасалған инвестициялық стратегия шикізаттық экономикадан алшақтауға, инклюзивтілікті арттыруға және орнықты дамуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 «Astana Finance Days-2022» конференциясының Бас демеушісі – Eurasian Resources Group (ERG).

 

Анықтмалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – өз жұмысын 2018 жылы бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті – ЕАЭО елдерін, Орталық Азия мен Кавказды байланыстыратын әмбебап платформа ретінде орнығу. www.aifc.kz

AIFC AI assistant