Қиын кезеңдерде құқықтық тәуекелдерді митигациялау жөніндегі сессиясы өткізілді
2022 жылғы 28 маусымда “Astana Finance Days-2022” іс-шарасы аясында АХҚО Құқықтық конференциясының бөлігі ретінде “Legal Talks: қиын кезеңдерде құқықтық тәуекелдерді митигациялау” сессиясы өтті.
Сессия кез-келген бизнес, әсіресе бірнеше юрисдикцияда жұмыс істейтін бизнес үшін ең елеулі тәуекелге айналып отырған қазіргі геосаяси дағдарыс жағдайында бизнесті жүргізу кезіндегі қиындықтар мен мүмкіндіктерді талқылауға арналды.
Сессия модераторы Рой Пирс (АХҚО Құқықтық-консультативтік кеңесінің мүшесі, Лондондағы Baker McKenzie серіктесі) болды, сондай-ақ спикерлер Эндрю Олдлэнд (АХҚО Құқықтық-консультативтік кеңесінің мүшесі, Лондондағы Michelmores серіктесі), Амджад Хусайн (Дохадағы K&L Gates серіктесі), Хавар Куреши (McNair International басшысы), Анастасия Малюгина (Berkeley Research Group UK Ltd. Шығыс Еуропа, ТМД, Орталық Азия жөніндегі басқарушы директоры & дауларды шешу & сараптамалар жөніндегі жетекші), Исхак Берни (АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің құқықтық мәселелер жөніндегі Басқарушы директоры) аудиториямен қазіргі реалийден қорытынды жасау керек пайымдар мен тұжырымдарымен бөлісті.
Сессия барысында келесі тақырыптар талқыланады:
- Ұлыбритания тұрғысынан санкциялық комплаенстің маңызы.
- Дағдарыс нарықтық мүмкіндік ретінде: Катардың тәжірибесі.
- Қазіргі реалийдегі халықаралық дауларды шешудегі жаңа үрдістер.
- Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы инвестициялық төрелік: статистика, даму және перспективалар.
- Қиын кезеңдегі стратегиялық реттеу шаралары.
Astana Finance Days 2022 конференциясының бас демеушісі – Eurasian Resources Group (ERG).
Анықтама:
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.