«Құқық, Технологиялар және Болашақ» панельдік сессиясы

2022 жылғы 28 маусымда «Astana Finance Days-2022» аясында, AIFC Law Conference шеңберінде «Құқық. Технологиялар және Болашақ» панельдік сессиясы өтті.

Панельдік сессияның модераторы «Астана» халықаралық қаржы орталығының Заң технологияларын дамыту кеңесінің Төрағасы Марк Бир болды, сондай-ақ спикерлер қатарында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Наиль Ахметзакиров, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин, Еуропалық Құқықтық технологиялар қауымдастығының президенті Хольгер Цшайге және Bryan Cave Leighton Paisner заң фирмасының серіктесі Роман Ходыкин заң технологияларын дамытудағы соңғы үрдістер мен GovTech және СourtTech салаларындағы жаңашылдықтарды талқылады.

Сессия барысында спикерлер Қазақстанның сот жүйесін цифрландырудың негізгі жетістіктері және заң саласы үшін GovTech-ті дамыту туралы айтып берді.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Наиль Ахметзакиров сессия қатысушыларын сот төрелігін цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар және соттардың қызметіне енгізілетін соңғы IT-әзірлемелер туралы хабардар етті.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин әріптестерімен GovTech-ті дамыту және заң тәжірибесіне қатысты өзгерістер туралы жоспарларымен бөлісті.

Еуропалық құқықтық технологиялар қауымдастығының президенті Хольгер Цшайге мен Bryan Cave Leighton Paisner заң фирмасының серіктесі Роман Ходыкин LegalTech саласындағы халықаралық тәжірибе туралы баяндама жасап, заңгерлердің жаңа цифрлық күн тәртібіне қалай бейімделетіні туралы жеке тәжірибелерімен бөлісті.

Холгер Цшайге: «Заң бизнесінің цифрлық трансформациясы басталды, сондықтан заңгерлер LegalTech-ті қолдануы керек. 21 ғасырда адвокат жасанды интеллектпен алмастырылмайды, бірақ оны жұмыста жасанды интеллектті қолданатын басқа заңгер алмастыуы мүмкін» – деп түйіндеді.

 

Astana Finance Days 2022 конференциясының бас демеушісі – Eurasian Resources Group (ERG).

 

 

Анықтамалық ақпарат: 

 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – өз жұмысын 2018 жылы бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті – ЕАЭО елдерін, Орталық Азия мен Кавказды байланыстыратын әмбебап платформа ретінде орнығу.

www.aifc.kz

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты — жергілікті және басқа да соттардың құзыретіндегі азаматтық, қылмыстық және өзге де істер бойынша Қазақстан Республикасының Жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген процессуальдық нысандарда олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасы мәселелері жөнінде түсініктемелер береді.

www.sud.gov.kz

Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі елдің цифрлық дамуы саласындағы, инновациялық қызмет, байланыс, мемлекеттік қызметтер көрсету, электрондық өнеркәсіп салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырумен және іске асырумен айналысады, сондай-ақ электрондық үкіметті дамытумен, «Азаматтарға арналған үкімет» МК қызметін үйлестірумен, ақпараттық қауіпсіздік, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия және картография мәселелерімен айналысады.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai

Еуропалық құқықтық технологиялар қауымдастығы – Еуропалық сарапшылар мен құқықтық технологиялар саласындағы энтузиастардың тәуелсіз қауымдастығы, Еуропада және одан тыс жерлерде құқықтық технологиялар мен құқықтық инновациялар саласындағы атақты әрі танымал сарапшы ұйым және ми орталығы болуға ұмтылады.

https://europe-legaltech.org/

Bryan Cave Leighton Paisner Заң фирмасы 2018 жылы әлемдік заң нарығындағы ең ірі трансатлантикалық бірігулердің бірі – жетекші халықаралық заң фирмаларының бірлестігі – Bryan Cave LLP (АҚШ) және Berwin Leighton Paisner LLP  (Ұлыбритания) бірігуінің нәтижесінде құрылды. Әлемдегі ең ірі жаһандық заңгерлік фирмалардың бірі (ТОП-50 құрамына кіреді), ол 11 елдің аумағында 31 кеңседе 1400-ден астам заңгерді біріктіреді.

https://www.bclplaw.com/en-US/

AIFC AI assistant