Astana Finance Days аясында «Қазақстан – Катар мүмкіндіктері» сессиясы өтті

Қазақстан Республикасы мен Катар Мемлекеті арасындағы банктік, қаржы және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты дамыту шеңберінде 2022 жылғы 29 маусымда Astana Finance Days аясында «Қазақстан – Катар мүмкіндіктері» панельдік сессиясы өтті (Қазақстан мен Катар мүмкіндіктері).

Сессия барысында тараптар Катар мен Қазақстанда табысты қаржылық экожүйелерді құру бойынша тәжірибе алмасты, Катар Қаржы орталығы (QFC) және АХҚО негізінде қаржы орталықтарына қатысушы компаниялардың одан әрі өзара іс-қимылын арттыру жолдары, сондай-ақ Катармен инвестициялық ынтымақтастық мәселелер талқыланды: энергетика, ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, құрылыс және телекоммуникация салаларында. Панельдік сессияға спикерлер ретінде Катар қор биржасының, «K&L Gates» заңгерлік фирмасының, «Kazakh Invest», «QazaqGaz» ұлттық компаниясының, сондай-ақ АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетудi реттеу жөнiндегi комитетi (AFSA) өкілдері қатысты.

Катар қаржы орталығы әкімшілігінің Бас экономисті д-р Хайтем Мохамед Аль-Салама өз сөзінде Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастық әлеуеті Катар бизнесінің басымдылық күн тәртібінде тұрғанын атап өтті. АХҚО Қазақстанмен тығыз байланысты сауда-экономикалық кеңістіктерді қамтуды ескере отырып, Катардың инвестициялық қызметін дамыту үшін тиімді қызмет көрсетуші алаң болуға лайық.

Жалпы, панельдік сессияға қатысушылар қаржы және инвестициялық салалардағы, оның ішінде АХҚО платформасы арқылы елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.

Сонымен бірге, 29 маусымда Қазақстан мен Катар іскер топтарының, оның ішінде Катар қаржы орталығы, Commercial Bank of Qatar, Qatar Islamic Bank, QInvest инвестициялық компаниясы, Қатар қор биржасы және т.б. қатысуымен «Kazakhstan – Qatar» атты екіжақты кездесу өтті.

Тараптар Қазақстан экономикасына инвестиция тарту бойынша ынтымақтастықтың өзара тиімді бағыттары, Катар қаржы орталығы мен АХҚО, сондай-ақ қор биржалары арасындағы өзара іс-қимыл әлеуетін одан әрі дамыту жолдарын талқылады.

Аталған іс-шаралар Қазақстан Республикасының Катардағы Елшілігі мен Қазақстандағы Катар Елшілігінің қатысуымен ұйымдастырылды.

Astana Finance Days 2022 конференциясының бас демеушісі Eurasian Resources Group (ERG).

 

Анықтамалық ақпарат:

Астана Халықаралық Қаржы Орталығы (АХҚО) өз жұмысын 2018 жылы бастаған тәуелсіз юрисдикция болып табылады. 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясына сәйкес, АХҚО-ның негізгі мақсаты – ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде шоғырлану. www.aifc.kz

AIFC AI assistant