АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті мен Латвияның Қаржы және капитал нарығы комиссиясы Балама инвестициялар қорлары басқарушыларын қадағалау саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) мен Латвияның Қаржы және капитал нарығы комиссиясы (FCMC) AIFM ЕС директивасына сәйкес Балама инвестициялар қорлары басқарушыларын (AIFM) қадағалау саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Бұл ASFA-ның Өзара түсіністік туралы меморандум бойынша контрагент ретінде бекітілгеннен кейін Еуропа Бағалы қағаздар мен нарықтар басқармасы үйлестірген баламалы инвестициялық қорлар бойынша Өзара түсіністік туралы алғашқы меморандум. Бұл Меморандум маркетинг және хедж-қорлар, тікелей инвестициялар мен жылжымайтын мүлік қорлары сияқты балама инвестициялық қорларды басқару бойынша АХҚО қорларының басқарушыларына, Латвиядағы кәсіби инвесторларға, сондай-ақ АХҚО-да балама инвестициялық қорларды басқаруға немесе ілгерілету мақсатында Латвия үшін негіздемелік шарттарды белгілейді.
Әлемдік қаржы нарықтарының жаһандануы күшейіп, трансшекаралық операциялар мен балама инвестициялар қорларын басқарушылар белсенділігі ұлғаюына байланысты AFSA мен FCMC арасындағы ынтымақтастықтың ресімделуі балама инвестициялар қорларын басқарушыларын, трансшекаралық негізде жұмыс істейтін олардың делегаттары мен депозитарийлерін қадағалаудағы өзара көмекті қамтамасыз етеді. Өзара түсіністік туралы меморандум арқылы қадағалаушы органдар бір-бірімен өздерінің тиісті реттеушілік мандаттарын орындау мүддесіне сәйкес, әсіресе инвесторларды қорғау, нарық пен қаржылық тұтастықты нығайту, сенім мен қаржылық тұрақтылықты сақтау салаларында ынтымақтасуға дайын екендіктерін білдірді.