АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті мен Литва Банкі Балама инвестициялар қорлары басқарушыларын қадағалау саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) мен Литва Банкі AIFM ЕС директивасына сәйкес Балама инвестициялар қорлары басқарушыларын (AIFM) қадағалау саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Бұл Меморандум маркетинг және хедж-қорлар, тікелей инвестициялар мен жылжымайтын мүлік қорлары сияқты балама инвестициялық қорларды басқару бойынша АХҚО қорларының басқарушыларына, Литвадағы кәсіби инвесторларға, сондай-ақ АХҚО-да балама инвестициялық қорларды басқаруға немесе ілгерілету мақсатында Литва үшін негіздемелік шарттарды белгілейді.
Әлемдік қаржы нарықтарының жаһандануы күшейіп, трансшекаралық операциялар мен балама инвестициялар қорларын басқарушылар белсенділігі ұлғаюына байланысты AFSA мен Литва Банкі арасындағы ынтымақтастықтың ресімделуі балама инвестициялар қорларын басқарушыларын, трансшекаралық негізде жұмыс істейтін олардың делегаттары мен депозитарийлерін қадағалаудағы өзара көмекті қамтамасыз етеді. Өзара түсіністік туралы меморандум арқылы қадағалаушы органдар бір-бірімен өздерінің тиісті реттеушілік мандаттарын орындау мүддесіне сәйкес, әсіресе инвесторларды қорғау, нарық пен қаржылық тұтастықты нығайту, сенім мен қаржылық тұрақтылықты сақтау салаларында ынтымақтасуға дайын екендіктерін білдірді.