АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті Қазақстанның қаржы саласы ортасына арналған вебинарлардың екінші сериясын аяқтады

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығымен бірге Қазақстанның қаржы секторы өкілдеріне арналған вебинарлар сериясын өткізді.

Вебинарлар туралы Қазақстанның қаржы саласы өкілдерінің АХҚО-да құрылған ұйымдар, АХҚО-дағы нормативтік реттеу жүйесі, АХҚО-дағы банктер мен инвестициялық қорлардың жұмыс істеуі туралы хабардарлығын арттыру мақсатын көздеді, сонымен қатар келесі тақырыптарды қамтыды:

  • 2021 жылғы 10 ақпан – АХҚО қатысушыларын лицензиялау
  • 2021 жылғы 17 ақпан – Қазақстандық заңнамаға сәйкес АХҚО-дағы банктерге және халықаралық банктердің филиалдарына қойылатын реттеушілік талаптардың салыстырмалы талдауы
  • 2021 жылғы 24 ақпан – АХҚО-дағы банктердің қаржылық қызметтерін реттеу
  • 2021 жылғы 3 наурыз – АХҚО-дағы ұжымдық инвестициялық схемаларды реттеу

Іс-шараларға қазақстандық қаржы секторының 180-ден астам өкілі қатысты, бұл қатысушыларға АХҚО-дағы реттеушілік орта туралы көбірек білуге мүмкіндік берді. Бұл 2020 жылдың қыркүйек-қазан айларында өткізілген бірінші вебинарлар сериясының табысты жұмысын ескере отырып жасалған вебинарлардың екінші сериясы.

AFSA жұртшылық үшін қосымша вебинарлар ұйымдастыруға мүдделі және АХҚО ішіндегі және одан тыс жұмыстар туралы хабардарлықты арттыру бойынша күш-жігерін жұмсауды жалғастыратын болады.

Сұрақтарыңыз туындаса және сұрауларыңыз болса, [email protected] мекенжайына хабарласыңыз.

AIFC AI assistant