Astana Finance Days конференциясы АХҚО-дағы қорларды басқару индустриясының болашағы зор перспективаларын ерекше атап өтті
Нұр–Сұлтан, Қазақстан –”Astana Finance Days” АХҚО жыл сайынғы конференциясы АХҚО қорларын басқару индустриясының болашағы зор перспективаларын жария етті. АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің (AFSA), Бағалы қағаздар нарығын қадағалау еуропалық басқармасының (ESMA) өкілдері, сондай-ақ АХҚО және Люксембург қорларының басқарушылары Astana Finance Days конференциясы аясында Баламалы инвестициялық қорларының АХҚО – ЕО перспективаларын талқылауға өз үлестерін қосты.
АХҚО қор менеджерлері Еуропалық одақтың (ЕО) балама инвестициялық қорлары нарығының артықшылықтарын пайдалана алады. Атап айтқанда, АХҚО қорларының басқарушылары ЕО балама инвестициялық қорлары үшін не жеке орналастырудың ұлттық режимдері арқылы нарығына қол жеткізе алады, не ЕО-да орналасқан қормен және оның басқарушыларымен тиісті уағдаластықты қамтамасыз ете отырып, қолданыстағы паспорт режимдерін пайдалана алады. Талқылау сонымен қатар жеке қорларды ашу немесе қолданыстағы қор менеджерлерін жалдауды талап ететін ЕО-дағы қорлардың тұрғылықты жерінің практикалық аспектілеріне қатысты болды. ЕО үшінші елдердің төлқұжаттарын әлі іске қосқан жоқ, бірақ АХҚО және ЕО қорларының менеджерлері балама инвестициялық қорлар саласында өзара тиімді мүмкіндіктерді іздейді.
АХҚО қорының режимі инвестициялық бизнес компаниялары үшін де, олардың клиенттері үшін де салықтық жеңілдіктер ұсынады. Нәтижесінде, 2021 жылдың басынан бастап басқарылатын инвестициялардың екі есеге жуық өсуі байқалды, ал тіркелген инвестициялық қорлардың саны 2021 жылдың басынан бастап үш есе өсті. 2021 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда АХҚО-да жеке және мемлекеттік секторлардан қорлар құру мүмкіндігін қарастыратын қор басқарушылары тарапынан қызығушылық айтарлықтай өсті.
AFSA ESMA-мен үйлестіре отырып, балама инвестициялық қорларды (AIFM) ЕО-ның AIFM директивасына сәйкес басқарушыларды қадағалау саласындағы ынтымақтастық туралы ЕО бағалы қағаздарын реттеушілермен келісімдерге қол жеткізді. Бұл келісімдер негіздемелік шарттарды белгілейді және АХҚО-ның маркетинг және хедж-қорлары, тікелей инвестициялар қорлары және жылжымайтын мүлік қорлары сияқты баламалы инвестициялық қорларды басқару жөніндегі қорларын басқарушылар үшін, ЕО-ның тиісті елдеріндегі кәсіби инвесторлар үшін, сондай-ақ АХҚО-да баламалы инвестициялық қорларды басқару немесе маркетинг жөніндегі ЕО фирмалары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
AFSA бас директоры Мұхтар Бөбеев: “Мен АХҚО қорларды басқару саласы үшін өте перспективалы бағыт болып табылады деп санаймын. Бұл сектор кез келген табысты қаржы орталығының қаржы нарықтарының ажырамас бөлігі болып табылады және АХҚО Еуразиядағы қаржы қызметтерінің жетекші орталығы болуға ұмтылады. АХҚО халықаралық инвесторларға Орталық Азия мен Еуразия нарықтарына қолжетімділікті ұсыну үшін өзінің географиялық жағдайын пайдаланады. Біздің ЕО-ның бағалы қағаздар жөніндегі реттеуші органдарымен жақындағы келісімдеріміз АХҚО-да қорларын басқарушылар үшін ЕО нарықтарына қол жеткізу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады”.