«C.Invest Hedge Fund» компаниясына қатысты ескерту
Нұр–Сұлтан, Қазақстан – «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) келесіні хабарлайды: “C.Invest Hedge Fund” компаниясының ашық түрде жариялаған ақпаратынан, бұл компания лицензиясыз криптовалюта бойынша сауда, оның ішінде инвестициялық кеңес беру, инвестициялық басқару, өзінің атынан және агент ретінде инвестициямен операция жасау қызметтерін көрсетумен айналысқаны мәлім болды.
Бұл ақпарат көпшілікке жарияланғандықтан, АХҚО қауымдастығы мен жұртшылық мүдделерін қорғау мақсатында АFSA келесіні түсіндіруді қажет деп санайды.
АХҚО–НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУДІ РЕТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІ «C.INVEST HEDGE FUND» КОМПАНИЯСЫНА ҚАНДАЙ ДА БІР РЕТТЕЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ ІСКЕ АСЫРУҒА ЛИЦЕНЗИЯ БЕРМЕГЕН.
AFSA cinvest.kz веб-сайтында келесі мәлімдемелер ашық түрде жарияланғанын анық біледі:
- «C.Invest «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушысы болып табылады»: AFSA түсіндірмесі – Invest АХҚО қатысушысы емес. C.Invest қандай да болсын реттелетін қызметпен айналысуға құқылы емес;
- «C.Invest хедж-қор болып табылады»: AFSA түсіндірмесі – AFSA-ныңInvest-ке байланысы бар АХҚО-да тіркелген қор туралы хабары жоқ;
- Айына 5-30% немесе жылына 160% қайтарымды және кепілдендірілген кірісті күтуге болады: AFSA түсініктемесі – AFSA бұл талаптардың дұрыстығын растаймады.
«C.Invest Hedge Fund» компаниясы AFSA нұсқауы бойынша өзінің cinvest.kz веб–сайтын көпшілікке қолжетімділіктен алып тастады.
AFSA тұтынушыларға қаржылық қызмет көрсетуге лицензиясы бар, яғни кез келген юрисдикцияда тиісті түрде реттелетін компаниялармен ғана жұмыс істеуді ұсынады.
Қаржылық қызметтерді тұтынушылар «C.Invest Hedge Fund» компаниясына қатысты сауалдарды https://afsa.aifc.kz/submit-your-complaint/ сілтемесіне немесе [email protected] мекен-жайы бойынша жіберулеріне болады.
AFSA тұтынушыларды АХҚО-мен байланысы туралы мәлімдеу арқылы криптовалютаға инвестиция тартатын компаниялардан сақ болуға шақырады. AFSA сақ болуға кеңес береді және қаржылық қызметтерді тек лицензиясы бар компаниялардан сатып алуға кеңес береді. AFSA-дан реттелетін және қаржылық қызметті көрсетуге лицензия алған жағдайда ғана АХҚО қатысушысының мәртебесі қаржылық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Тұтынушыларға AFSA веб-сайтында лицензиялау мәртебесін https://publicreg.myafsa.com/authorised/ сілтемесі арқылы тексеруге және жарнамалайтын қызметтері АХҚО-да жүзеге асыруға AFSA рұқсат етпеген компанияларға хабарласпауға кеңес беріледі.