АХҚО Корпоративтік табыс салығын, қосылған құн салығын төлеу бойынша салықтық жеңілдіктерді қолданатын АХҚО қатысушыларының елеулі болуы туралы ережелерді енгізді

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) халықаралық қаржы орталығында жаңа акт – Корпоративтік табыс салығын, қосылған құн салығын төлеу бойынша салықтық жеңілдіктерді қолданатын АХҚО қатысушыларының елеулі болуы туралы ережелер қабылданды.

Заңды АХҚО-ның қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісе қабылдаған болатын.

Ережелерге сәйкес корпоративтік табыс салығын және қосылған құн салығын төлеу бойынша салықтық жеңілдіктерді пайдаланатын АХҚО қатысушылары АХҚО-да өзінің қатысуын растауы тиіс. Бұл АХҚО-да табыс әкелетін қызмет түрлеріне қатысты талаптардың орындалуымен, сондай-ақ келтірілген шығыстар мен жұмылдырылған штаттық қызметкерлердің саны қызмет көлеміне сәйкес болуын қамтамасыз етумен расталады.

Ережелерді қабылдау АХҚО-ның салық мақсаттары үшін салықтық айқындықтың жаһандық стандарттарына сәйкес келуін және АХҚО құзыретінің жағымсыз салық тәжірибесі үшін пайдаланылмауын қамтамасыз етуге маңызды қадам болып табылады.

2017 жылғы қаңтарда Қазақстан Салық салынатын базаның құлдырауына және пайданың ауыстырылуына (BEPS) қарсы ЭЫДҰ/G20 инклюзивті негіздемелік бағдарламасына қосылды, оған сәйкес ол қолайсыз салық практикасын қоса алғанда, ЭЫДҰ-ның 5 қызметіндегі кемінде төрт стандартты сақтауға міндеттенеді. Осы стандарттарға сай болу және салық салынатын базаның құлдырауына және пайданың ауыстырылуына жол берілмеу үшін АХҚО осы жаңа заңда «елеулі қатынас» ережелерін енгізді.

Ережелер «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» 2015 жылғы
7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес корпоративтік табыс салығын және қосылған құн салығын төлеуден босатылған және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін орталықтың айқындалған қатысушыларына қолданылады.

Жақында ұсынылған заңды келесі сілтемеден таба аласыз: [Rules on the Substantial Presence of the AIFC Participants applying tax exemptions for the payment of CIT, VAT].

  

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – Астана халықаралық қаржы орталығында қаржылық қызметтерді және онымен байланысты қызметті реттеу мақсатында «Астана халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері қаржы компаниялары мен нарық институттарын лицензиялауды, тіркеуді, аккредиттеуді және қадағалауды қамтамасыз етеді. 

АХҚО-да 60 елден 1100-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады. Орталық Азия мемлекеттерінің АХҚО қатысушылары негізінен қаржылық қызметпен байланысты емес секторларда ұсынылған.

www.afsa.kz

 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспары шеңберінде құрылды. 2020 жылғы 2 шілдеде ХҚК басқару кеңесінің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымдауы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропаны қамтитын өңірдегі жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуды білдіреді.

АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақ мерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев атап өткендей, “АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде әрекет ете алады”.

www.aifc.kz

AIFC AI assistant