АХҚО жекелеген клиенттер үшін АХҚО-да лицензияланған цифрлық активтер сауда платформаларында цифрлық активтерді сатып алуға және сатуға шектеулер енгізеді
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) АХҚО-да бизнес жүргізу ережелеріне және Лиценияланған нарық институттары туралы ережелеріне түзетулерді бекітті.
АХҚО-ның Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) ұсынған түзетулер цифрлық активтерді сатып алушылардың клиенттік қорғанысының неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін шектеулер белгілейді және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігі (Агенттік) және Қазақстанның Ұлттық Банкі (ҚР ҰБ) лицензиялайтын және реттейтін жергілікті банк қызметтеріне цифрлық активтер (криптобиржалар) платформасын басқару лицензиясына қол жеткізуді жеңілдетуге бағытталған.
Жекелеген клиент енді айына 1000 АҚШ долларына дейін кірісті немесе активтерді растауды ұсынбай немесе жылдық кірістің (i) 10 пайызына дейін немесе осындай жекелеген клиенттің таза құнының (ii) 5 пайызына, қайсы бірі аз мөлшерде екеніне байланысты кірісті немесе активтерді растау шартымен жалпы сомасы 100 000 АҚШ долларынан аспайтын мөлшерде инвестициялай алады.
Жақында енгізілген өзгерістермен келесі берілген сілтемеде таныса аласыз https://afsa.orderly.kz/articles/6.7.-clients-of-an-authorised-digital-asset-trading-facility-and-investment-limits.