АХҚО-ның Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті заңды тұлғаларға қатысты АХҚО актілеріне енгізілген жаңа түзетулер және онлайн тіркеуден кейінгі процесі туралы вебинарға шақырады
АХҚО-ның Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) әлеуетті өтініш берушілерді, заңгерлік және консультативтік компаниялары мен АХҚО қатысушыларын АХҚО заңды тұлғалар туралы нормативтік құқықтық актілеріне енгізілген жаңа түзетулер және тіркеуден кейінгі онлайн процесі бойынша вебинарға шақыруға қуанышты. Вебинар онлайн (Zoom арқылы) 2022 жылдың 28 қаңтарында Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 15:00-16:00 аралығында өтеді. Вебинар тілі – ағылшын.
Мүдделі қатысушылар мына сілтеме бойынша онлайн тіркелуі қажет.
Бағдарлама:
15.00 – 15.10
I. Кіріспе
Лаура Нургалиева, Супервайзер, Тіркеу департаменті, AFSA
15:10 – 15:25
II. АХҚО актілеріне заңды тұлғаларға қатысты жаңа түзетулер енгізу
Лаура Нургалиева, Супервайзер, Тіркеу департаменті, AFSA
– Директорлар кеңесінің өкілеттіктерін кеңейту
– Акцияларды «орналастыру» және «шығару» ұғымдарына қатысты нақтылық
– Стандартты құрылтай құжаттары
– Жеке компанияларға, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге және КЕҰ-ға аудиттің жаңа талаптары
– Кәсіпорын директорының мәртебесі
– Тіркеу жарналары
15:25 – 15:30
III. Сұрақтар мен жауаптар
15:30 – 15:45
IV. Онлайн форматтағы тіркеуден кейінгі процесс
Анара Омарова, Бас координатор, Тіркеу департаменті, AFSA
– Автоматтандырылған тіркеуден кейінгі процестер
15:45 – 15:55
V. Сұрақтар мен жауаптар