2021 жылы АХҚО-ның Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетінің лицензиясы бар қаржы компанияларының саны екі есе өсті
2021 жылы 23 компания АХҚО-ның Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетінен (AFSA) қаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алды – бұл бір жыл бұрынғыдан екі есе артық көрсеткіш. AFSA лицензиаттары Қазақстанның банк, инвестициялық және сақтандыру секторларында жұмыс орындарын құруға көмектеседі. Барлығы жұмыс істеген жылдары АХҚО арқылы бизнес жүргізуді қалайтын 46 компания қаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алды. Олардың активтері 1 миллиард АҚШ долларын құрады.
«Астана» халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясын таңдайтын компаниялар санының артуы АХҚО-ға халықаралық бизнес хабы ретінде деген сенімнің артып, оның қызметінің кеңеюін көрсетеді. Мысалы, 2021 жылы АХҚО-да активтерді басқару және инвестициялық қор саласына қызығушылық айтарлықтай өсті», – деді АХҚО-ның Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетінің бас директоры Мұхтар Бөбеев.
Жалпы, 2021 жылы барлығы 550 жаңа АХҚО қатысушысы тіркелді. Компаниялары халықаралық қаржы орталығында ең көп көрсетілген шетелдік юрисдикциялардың алғашқы бестігіне Қытай (9,4%), Еуропалық Одақ (5,6%), Ресей (5,5%), Ұлыбритания (3%) және АҚШ (2,5%) кіреді. Қаржылық қызметтер көрсетуге лицензия алған жаңа компаниялардың 75%-ы инвестициялық бизнеске қызығушылық танытты (активтерді басқару, инвестициялық қорлар, брокерлік қызметтер және т.б.).
2021 жылы қабылданған АХҚО актілері АХҚО қаржы жүйесін одан әрі дамытуға айтарлықтай серпін береді. Осылайша, ұлттық реттеушілермен бірлесіп АХҚО қатысушыларының Қазақстанның қаржы нарығына қол жеткізу шарттарын алғаш рет анықтайтын Валюталық реттеу ережесі қабылданды. Корпоративтік табыс салығын және қосылған құн салығын төлеу бойынша салық жеңілдіктерін қолданатын АХҚО қатысушыларының Нақты болуы туралы ережелер АХҚО салық ашықтығы стандарттарын үздік әлемдік тәжірибеге одан әрі сәйкестендіру жөніндегі жұмыстың нәтижесі болды.
Халықаралық қатынастар саласында AFSA Еуропа мен Азиядағы реттеушілермен өзара іс-қимылды күшейтті және Орталық Азия реттеушілерімен кездесу қорытындысы бойынша АХҚО, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан реттеушілері бірлескен декларация қабылдады. Онда кездесуге қатысушылар қаржы жүйесін бірлесіп дамыту үшін АХҚО әлеуетін пайдалану мүмкіндігін растады, сондай-ақ Орталық Азия реттеушілер тобын құру және оның отырыстарын жыл сайын АХҚО базасында өткізу туралы келісті.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.
АХҚО-да 63 елден 1200-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады. Орталық Азия мемлекеттерінің АХҚО қатысушылары негізінен қаржылық қызметпен байланысты емес секторларда ұсынылған.
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.