Нұрхат Көшімов АХҚО-ның Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетінің бас директоры болып тағайындалды
АХҚО-ның Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті Директорлар кеңесінің шешімімен (Astana Financial Services Authority, AFSA) Көшімов Нұрхат Манасұлы 2022 жылғы 18 наурыздан бастап AFSA бас директоры болып тағайындалды.
Осыған дейін осы қызметті атқарған М. Бөбеев ұйымның директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
«Астана» халықаралық қаржы орталығының басықарушысы Қайрат Келімбетов атап өткендей, «Нұрхат Көшімовтің қаржы нарығын реттеу саласында басшылық лауазымдарда үлкен тәжірибесі бар. AFSA-да ол құқықтық қамтамасыз ету, компанияны тіркеу және қаржылық технологияларды дамыту мәселелерін сәтті басқарды. Ол қаржы нарықтарының қалай дамитынын анықтайтын жаңа қаржылық қызметтерді дамытудың соңғы тенденцияларымен жақсы таныс. Жаңа қызметте оның білімі мен тәжірибесі АХҚО қаржы нарықтарының инновациялық дамуын және тиісті реттеуді қолдауда қажетті тепе-теңдікті табуға көмектесетініне сенімдімін».
Нұрхат Көшімов «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, Кембридж университетінің заң ғылымдарының магистрі, оның заң және қаржы саласында 20 жылға жуық тәжірибесі бар. Осы жылдары мемлекеттік қызметте түрлі басшылық қызметтерді атқарған. Ол АХҚО-да жұмысын 2018 жылы АХҚО биржасы – AIX-те бастады, онда ол эмитенттерді реттеу, қазақстандық және шетелдік компаниялардың IPO-ларын дайындау және өткізу мәселелерін қадағалады. 2019 жылдан бастап қазіргі тағайындалғанға дейін ол Компаниялардың тіркеушісі және қаржылық технологияларды реттеу саясатының негізгі бағыттарын әзірлеуге жауапты Басқарма мүшесі болды.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.
АХҚО-да 63 елден 1200-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады. Орталық Азия мемлекеттерінің АХҚО қатысушылары негізінен қаржылық қызметпен байланысты емес секторларда ұсынылған.
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.