«Астана» халықаралық қаржы орталығының актілеріне сәйкес жеке компанияны өз еркімен таратудың практикалық қадамдары

2021 жылдың желтоқсанында «Астана» халықаралық қаржы орталығының актілеріне сәйкес жеке компанияны өз еркімен тарату бойынша бірінші жоба сәтті аяқталды. Бұл процедура АХҚО Тіркеуші кеңсесі мен «RSP International» (РСП Интернэшнл) ЖШС жүзеге асырған пилоттық жоба болды, ол жеке компанияны ерікті түрде таратудың барлық аспектілеріне байланысты қазақстандық заң кеңесшісі қызметін атқарды.

Бұл мақалада АХҚО-ның қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке компанияны ерікті түрде тарату үшін қажетті негізгі процедуралық қадамдар белгіленетін болады. Бұл құжаттағы ескертулер түпкілікті және заңгерлік кеңес болып табылмайды.

АХҚО заңы бойынша ерікті тарату – бұл қатысушылардың (акционерлердің) көпшілік дауысымен қолдау тапқан компанияны тәуелсіз тарату. Мұндай шешім компанияның директорлар кеңесі оның қызметін жалғастыруға негіз жоқ деп шешкен кезде қабылданады. Ерікті тарату тек компания төлем қабілетті болған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін, яғни оның активтері тарату басталған күннен бастап 12 айдан аспайтын мерзімге ресми мөлшерлеме бойынша сыйақымен бірге барлық қарыздарды толық төлеуге жеткілікті болуы керек.

Ерікті түрде тарату кезінде компания, оны тарату үшін қызметті жалғастыру талап етілуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, тарату рәсімі басталған кезден бастап өз қызметін тоқтатуға міндетті. Бұл ретте компанияның корпоративтік заңды тұлғасы мен корпоративтік өкілеттігі ол таратылғанға дейін сақталады.

Ерікті таратудың алдын ала кезеңдері шеңберінде компанияның директорлары директорлар кеңесі мүшелерінің жай көпшілік дауысымен мақұлданған Төлем қабілеттілігі туралы декларацияны ұсынуы керек.

Декларация тарату туралы шешім қабылданғанға дейін 5 апта ішінде немесе сол күні, бірақ шешім бекітілгенге дейін берілуі керек.

Қомпания өз еркімен таратылған жағдайда акционерлердің жалпы жиналысында компанияның қызметін тоқтату және оның мүлкін бөлу үшін бір немесе бірнеше таратушы тағайындалуы тиіс. Компанияны ерікті түрде тарату үшін тағайындалған таратушы АХҚО-ның Банкроттықпен айналысушылар мен ресми таратушылардың тізілімінде тіркелуі тиіс.

Компанияның таратушысы тағайындалған күннен бастап, егер компания жалпы жиналыста немесе таратушы оларды жалғастыруды мақұлдамаса, директорлардың барлық өкілеттіктері тоқтатылады.

Компанияны өз еркімен тарату кезінде директорлар:

− таратушыға компанияның қызметі туралы ақпарат беруге және қажет болған жағдайда отырыстарға қатысуға;

− серіктестіктің активтерін қадағалап, оларды барлық есеп кітаптарымен, жазбалармен, банктік есептермен, сақтандыру шарттарымен және серіктестіктің активтері мен міндеттемелеріне қатысты басқа да құжаттармен бірге таратушыға тапсыруы міндетті.

Компанияны өз еркімен тарату тәртібі бойынша барлық салық талаптары Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады, өйткені «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағындағы салық режимі, кейбір ерекшеліктерді қоспағандаб Қазақстан Республиканың Салық кодексімен айқындалады.

Таратушы өткізген қатысушылардың қорытынды жалпы жиналысынан кейін компания өз қызметін тоқтатқан кезде тарату аяқталды деп есептеледі. Жеке компанияны өз еркімен тарату процедурасы 4 айдан 6 айға дейін созылуы мүмкін. Тарату процесі сәтті аяқталғаннан кейін заңды тұлға өз қызметін тоқтатады.

Егер ерікті тарату рәсімі кезінде компанияның дәрменсіздігі анықталса, таратушы компания кредиторларының жиналысын шақырады, олар бұл процесті жалғастырады.

Компаниялардың бухгалтерлік есеп берулері

АХҚО актілеріне және халықаралық айқындылық стандарттарына сәйкес, компания жұмысын тоқтатқан кезде директорлар оның есептік құжаттарының компания таратылған күннен бастап кемінде 6 жыл сақталуын қамтамасыз етуі керек.

Бұл мақаланы 2021 жылдың желтоқсан айында «Астана» халықаралық қаржы орталығында жеке компанияны ерікті түрде тарату жобасын жүзеге асырған заң және кеңес беру қызметтерін жеткізуші RSP International LLP (РСП Интернэшнл) дайындады.

Байланыс ақпараты:
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, Самал-2, 33А, блок 2, 21 қабат
Тел.: +7 (727) 259 91 66
Факс: +7 (727) 259 91 64
eMail: [email protected]
Web: www.rsp-i.com

AIFC AI assistant