Astana Finance Days аясында «Дамушы елдерге инвестициялар тарту: активтерді басқару бойынша АХҚО-дағы мүмкіндіктер» сессиясы өтті
“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті” (AFSA) АХҚО-ның бизнесті дамыту командасымен бірлесіп, Astana Finance Days – 2023 аясында «Дамушы нарықтарға инвестициялар тарту: активтерді басқару бойынша АХҚО-да жасалынған мүмкіндіктер» сессиясын өткізді.
Сессияда AFSA Басқарушы директоры және құқықтық мәселелер бойынша жетекшісі Исхак Берни, Катар қаржы орталығы стейкхолдерлермен қарым-қатынас бойынша директоры Шейх Фахад Джассим Аль Тани, Pictet Asset Management дамушы елдері бойынша басшысы Ален Нсиона Дефис, Latham Watkins LLP Серіктесі Эдвард Кемпсон, SkyBridge Invest Басқару мүшесі – АХҚО-дағы SkyBridge Invest филилының директоры Замира Сүндетова, White Hill Capital LTD Бас директоры Аслан Сұлтанов, Tokio Marine Asset Management International Pte. Ltd Бас Инвестициялық директорының орынбасары Судип Бисвас қатысты.
АХҚО-ның географиялық тұрғыдан тиімді орналасуы, оның 75 миллион халқы бар және жалпы ішкі өнімі 350 миллиард АҚШ долларын құрайтын Орталық Азия нарығына жақындығы, сондай-ақ арнайы юрисдикциясы халықаралық ұйым құру және қолдау үшін тамаша платформа екені белгілі.
«Дамушы нарықтарға инвестиция тарту: АХҚО-да активтерді басқару үшін жасалған мүмкіндіктер» сессиясы АХҚО-ның кешенді реттеу режимімен таныс жаһандық және жергілікті жеке инвесторларға, хедж-қор және жылжымайтын мүлік қорының менеджерлеріне инвестициялық стратегияларын әртараптандыруды қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.
Сондай-ақ, спикерлер көрші және дамып келе жатқан нарықтарға, Орталық Азия, ЕАЭО нарықтарына инвестиция салудың проблемалары мен мүмкіндіктерін, инвестициялық секторлар мен стратегияларды, осы нарықтардағы қаржы орталықтары мен реттеушілерінің рөлін қарастырды.
Pictet Asset Management дамушы елдері бойынша басшысы Ален Нсиона Дефис «Қазақстанға көп жылдардан бері инвестиция тартып келеміз. Қазақстанның мықты болуының себебі, оның тепе-теңдік пен жоғарғы сенімге ие екендігі. Бұл өте тартымды нарық» – деді.
АХҚО-дағы SkyBridge Invest филилының директоры Замира Сүндетова «Біздің АХҚО-ны таңдауымызға не себеп болды? Өйткені мұнда жалпы ағылшын құқығы, салықтық жеңілдіктер, жоғарғы деңгейдегі инфрақұрылым, заңды тұлғаларды реттеудегі икемділік қарастырылған. АХҚО өзінің жеке технологиялық экожүйесін жасаған және бұл біздің осы юрисдикциядағы жұмысымызды оңайлатады. АХҚО-да активтерді басқарушы компания болуға екі жол бар: егер сіздің лицензияңыз болса, онда активтермен жұмыс істейтін компания болып таныла аласыз. Онан бөлек, сіз компанияны ең басынан бастауыңызға болады, ол кезде бүкіл реттеушілік талаптарға сай келуіңіз керек. Процесс оңай деп айта алмаймын, бірақ, өте ашық» деді ол.
Анықтамалық ақпарат:
“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті”(AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.
АХҚО-да 76 елден 1900-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады.
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс үшін:
Қоғаммен байланыс және коммуникациялар Департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45 email: [email protected]